Марат Ахметжанов нысандардың сапасыз салынуы себебін айтты – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 29, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Марат Ахметжанов нысандардың сапасыз салынуы себебін айтты

17.11.2021
0
Марат Ахметжанов нысандардың сапасыз салынуы себебін айтты

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов нысандардың сапасыз салыну себептерін атады, деп хабарлайды altyalash.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Игерілмеу неге орын алады? Өйткені, Есеп комитеті, басқа да органдар бар. Қызметтік өкілеттіктері үлкен бақылаушы органдар көп. Олар кез келген тендерді заңсыз деп танып, оған шағым түсіре алады. Бізде құрылыстар неліктен сапасыз? Себебі, жыл басында тендер жарияланғанда біреу ұтып алып, екіншісі шағымданады. Осынау сот сарсаңы, прокурорлық тексерулер жарты жылға дейін созылады. Ал ол жыл соңына дейін нысанды салынуы тиіс. Ол құрылысты сапасыз салады немесе 2-формаға қол қойып, қылмыстық тексеру нысанына айналады. Жоба болуы тиіс. Игергеннен кейін қаражат бөліп, біртіндеп жүргізілуі қажет», – деді агенттік басшысы үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен онлайн кездесуде.

Оның атап өтуінше, Үкіметтің мақсатты индикаторы бар.

«Жыл соңында бюджетті игермегендер, тұрғын үйді, өнеркәсіптік нысанды пайдалануға беру мақсатты индикаторларын орындамағандар жауапқа тартылады. Міне, осыған байланысты олар толық салынбаған нысанды жоғарыда аталған мақсатты көрсеткіштерді орындау үшін жұмыс істеп тұр деп мәлімдеуге мәжбүр болады. Сондықтан бұған қатысты біздің көп сұрағымыз бар. Қазір мемлекеттік сатып алу саласын, оның ішінде аталған мемлекеттік бақылау-қадағалау органдарының қызметін саралап жатырмыз. Ол жерде асыра пайдалану, жүгінгендердің біріне басымдық беру өте көп. Қазірдің өзінде бұл сызба қолымызда бар. Келесі жолы мұның барлығын көрсетеміз», – деді Марат Ахметжанов.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Сұлтан Қамалетдинов Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 16 есе артты

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.