Қазақстанда ішкі бағытта орындалатын 23 әуе рейсі субсидияланады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды altyalash.kz.
Атап айтқанда:
– Түркістан қаласынан 11 бағытта;
– Үшарал және Балқаш қалаларынан 2 бағытта;
– Көкшетау қаласынан 3 бағытта ұшатын рейстер.
Бұл бағыттарда билет құны 8 – 25 мың теңге аралығында тұрады. Олар бекітіліп, рейс ашылған сәттен бастап өзгермейді.