Биыл 8 айда Қазақстан экспорты 16 пайызға артты – Нұрлан Әбдіров – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 29, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Биыл 8 айда Қазақстан экспорты 16 пайызға артты – Нұрлан Әбдіров

24.11.2021
0
Биыл 8 айда Қазақстан экспорты 16 пайызға артты – Нұрлан Әбдіров

2021 жылдың 8 айының қорытындысында Қазақстан экспорты 16 пайызға артты. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдіров айтты,-  деп хабарлайды altyalash.kz сайты.

«Біздің кездесуіміздің тақырыбы Ұлттық экономика үшін маңызды болып табылатын өзекті салалардың бірін қозғайды. Ішкі сауданың белсенді өсуін қамтамасыз етуге, бизнесті елдің экспортының өсуіне бағдарланған жоғары сапалы өнім шығаруға ынталандыруға негізделген, дұрыс жолға қойылған сауда саясаты көптеген елдердің тиімді экономикалық дамуының кепіліне айналды. Мемлекет басшысы Қазақстанның сауда-логистикалық әлеуетін нығайту, отандық өнімді өткізетін нарықтарды кеңейту және нарықты отандық өніммен молықтыру үшін жағдай жасау қажеттігін бірнеше рет атап өтті. 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында Президент экономиканы әртараптандыру, өндірілетін тауарлардың номенклатурасын және экспорттың географиясын кеңейту жөнінде міндет қойды», – деді ол Сенатта өтіп жатқан Үкімет сағатында.

Нұрлан Әбдіровтің атап өтуінше, Қазақстан экономикасының құрылымында сауда негізгі секторлардың бірі болып табылады. Оның ЖІӨ-дегі үлесі шамамен 15 пайызды құрайды. Бұл сала шамамен 1,5 млн адамды жұмыспен қамтамасыз етеді.

«Коронавирустық пандемия жаһандық сауда байланыстарын едәуір әлсіретіп, еліміздің сауда жүйесінің дамуына әсер етті. Сыртқы сауда айналымы 2019 жылға қарағанда 12 пайызғаға төмендеп, 2020 жылы 86,5 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл ретте экспорт 18, импорт 2 пайызға төмендеді. Сонымен бірге, пандемия сауда секторы үшін жаңа мүмкіндіктер ашты, елдердің арасындағы шекараны жоя отырып, сауданың дәстүрлі форматтарын біртіндеп ығыстыратын онлайн-сауданың қарқынды дамуына түрткі болды. Мәселен, 2020 жылы Қазақстанда Интернетте сатып алудың жалпы көлемі 960,8 млрд теңгені құрады. 2019 жылмен салыстырғанда 2,2 есе өсімді көрсетті. Биыл теріс үрдістерге қарамастан, Қазақстан сыртқы саудадағы оң динамиканы сақтап қалды. 2021 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша экспорт 16 пайызға, импорт 2,2 пайызға өсті. Қазақстанның ішкі сауда көлемі де артты . Бөлшек сауда 6, көтерме сауда 11 пайызға артты», – деді Сенат төрағасының орынбасары.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қазақстан мен Өзбекстан бірлескен әскери оқу-жаттығу өткізді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Асқар Мамин тәуелсіздік жылдарындағы айшықты оқиғаларды атады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.