Түркістан облысының ауыл шаруашылығы саласында рекордтық өнім жиналды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 29, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Түркістан облысының ауыл шаруашылығы саласында рекордтық өнім жиналды

24.11.2021
0
Түркістан облысының ауыл шаруашылығы саласында рекордтық өнім жиналды

Егістікті әртараптандырудың нәтижесінде Түркістан облысында 3,3 млн тонна өнім жиналды -деп хабарлайды altyalash.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бүгін Түркістандағы «Конгресс Холл» ғимаратында табысты жыл қортындыланып, «Altyn kúz-2021» мерекелік іс-шарасы өтті.

Алдымен Түркістан өңірінің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің көрмесі ұйымдастырылды. Жұртшылыққа осы саладағы жетістіктер мен өнімдер, ғылыми ізденістер көрсетілді.

Одан кейін салтанатты жиын өтіп, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев барша диқандар мен малшыларды, агросала өкілдерін ҚР Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен құттықтады.

«Өңірде мал шаруашылығы жақсы дамып келеді. Мал тұқымын асылдандыру ісі жанданды. Ет экспорты бойынша Түркістан облысы бірінші орынға шықты. Сонымен бірге суармалы жерді игеріп, көкөніс, бақша өнімдерін өсіруде де Түркістан облысының әлеуеті өте жоғары», – деді Өмірзақ Шөкеев.

Сондай-ақ, облыс басшысы ауыл шаруашылығын дамыту бойынша агросала өкілдеріне, аудан әкімдеріне семинарлар өткізіліп жатқанын айтты.

«Іріленген әрі біріккен шаруа қожалықтары жаңбырлатып суғару технологиясын пайдаланып, мол жетістікке жетуде. Ал бірікпеген, орташа шаруа қожалықтары үшін бір жерден жылына 2-3 өнім алу жобасы тиімді. Үй іргесіндегі жерін пайдаланушы ағайын тамшылатып суғару әдісін пайдалануда. Өңіріміз агросала бойынша елімізде алдыңғы қатарда келеді. Бірақ өнімділікті тағы 2-3 есе өсіруге мүмкіндік бар. Ауыл шаруашылығы үшін жыл табысты аяқталды»,, – деген өңір басшысы Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері арасындағы келісімге сәйкес биыл «Достық» каналына мол деңгейде су келгенін, осы арқылы мақташылар жоғары түсімге қол жеткізгенін де атап өтті.

Облыста каналдар жөнделіп, жаңа су қоймалары салынып жатқанын айтып, Түркістанның жан-жағына су жеткізіліп, қала жасыл шаһарға айналатынына сенімді екенін жеткізді.

Нағыз еңбек адамдарының мәртебесі асқақтаған жиында өңір басшысы бір топ азаматты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен және «Ауыл шаруашылығы үздігі» төс белгісімен марапаттады. Түрлі салада үздік атанған аудан, қала әкімдеріне де құрмет көрсетілді. Сонымен бірге салтанатты жиында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев озат агроқұрылым өкілдерін марапаттаса, бір топ БАҚ өкіліне Ауыл шаруашылығы басқармасының алғысхаттары тапсырылды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

2020 жылы ақылы жолдардан қанша қаржы түсті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Семейге 2 мыңнан астам «Сергек» камерасы орнатылады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.