Кинология орталығындағы бір күн – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 30, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Мәдениет

Кинология орталығындағы бір күн

29.11.2021
0
Кинология орталығындағы бір күн

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушылары мен білім алушы жастары “ҚР Ішкі істер министрлігінің кинологиялық орталығы” мемлекеттік мекемесіне тәжірибе жинау,жұмыс барысымен танысу мақсатында барып қайтты. Кинология орталығы тікелей мемлекет басшысы бастамасымен Ішкі Істер министрлігінің ішінде құрылған орталық.

Кинология орталығының жұмыс тәртібін,қызмет нормаларын жете білу мақсатында орталық басшысы: Болгумбаева Анель Александровамен сұхбаттасқан едік.

 – Орталық қызметкелеріне қандай талаптар қойылады,жұмысқа орналасу тәртібі жайлы айта кетсеңіз?

 –  Біріншіден,жұмысқа орналасқысы келетін маман жоғарғы немесе орташа білімі бар заң мамандығын бітіруі қажет.Тікелей иттермен жұмыс жасағаннан кейін иттерге иелік ету мақсатында арнайы психологиялық тесттерден өту арқылы ғана жұмысқа қабылданады.

Мамандарымыз физикалық жағдайын бақылауда ұстау қажет.

  – Жұмыстарыңызға иттерді қандай норматив бойынша аласыздар,қабілетін қалай ашасыздар,қабылдау тәртібі қандай?

– Ең алғаш келгенде түрлі тесттілеуден өтеді.Келген жануарлардың барлығы дерлік қабылданады деп айта алмаймын.Іздеуге атсалысуы мен иіскеу қабілеттілігі тексеріледі.Содан кейін топтарға бөлінеді. Ауыр қылмыстар жасаған қылмыскердің иісі арқылы,есірткі  психотроптық және жарылғыш заттарды іздеу т.б топтар бар. Елімізде арнайы иттерді түрлі курстардан өткізетін кинологиялық орталықтар бар.Орталықта ізшіл иттер жарылғыш заттарды, наркотикалық заттарды және қоғамдық ортада тәртіп сақтауға арналған иттерді тәрбиелейді.Адамзатқа пайдасын келтіру үшін жан-жақты жұмыстар жүргізіледі. Оның психологиялық жағдай және денсаулығы, қандай салаға бейімділігі бірінші орынға қойылады. Тамақтарында қадағалап рационмен беріледі.Арнайы дәрумендермен қосып тамақтандырамыз.Үйрету барысында иттерге курстар ойын түрінде жүргізіледі.Физикалық тұрғыда қысым көрсетілмейді.Алыста тұрып иесін тыңдау үшін нұсқаулар арқылы жұмыс істейміз.

– Жұмыстарыңыз қиындықтарға толы дегенмен түрлі қызықты жайттар да болатын шығар айта кетсеңіз?

–  Мен өзімнің әріптестеріме жиі ескертіп отырамын иттер олар сендердің серіктестерің,бір топпыз деп ойлау қажет.Әрине,тәжірибелі иттеріміз бар олар иелерін танып көзқараспен түсініп,айтқандарын бірден істеп жатады.Тағы ескере кететін жайт қылмыстарға шыққан кезде иттердің иелері үлкен нәтижелі жұмыс күтеді,үйреткендерін іс барысында көрсетсе екен деп тілейді.Аз уақыт ішінде нәтиже көрсететін сәттер де болған(мысалы адам өлімі,есірткі заттарын іздеу) әрине оған әріптестеріміздің дұрыс бағыт-бағдар беруі де бар. 2019 жылы Алматы  қаласында 10-15минут ішінде адам өліміне қатысты қылмыстық істерді  ашқан кездеріміз  де болған.Дұрыс нұсқау бергеніміз үшін қан иістері арқылы қылмыстың шешімін тез таптық.Ал есірткі өнімдерін табу кезінде қызметкерлерге түрлі қиындықтар кездеседі.Адам ойламайтын жерлерге жасырылуы мүмкін(жерге көму т.б) сондай сәттерде иттердің иіс сезу рецепторлары арқылы табамыз. Жарылғыш заттарды іздеу барысында түрлі шаралар қолданылады.Қалада белгілі мекемеде белгісіз сөмке немесе қорап тұр деген ақпарат келіп түссе ең алғаш толықтай мекеме іші босатылып тексеріліп біткенше ешкім кіргізілмейді.Түгелдей дерлік барлық жер тексерілгеннен кейін ғана қолданысқа беріледі.Қазіргі таңда кинологиялық орталыққа аталық пен аналық иттерді қосып жаңа туылған күшіктерді тәрбиелеуді қолға алудамыз.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Заң факультетінің

Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу

 және криминалистика кафедрасының

аға оқытушысы  4 курс 404 топ тәлімгері Даубасова С.Ш.

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

«Эйр Астана» Үндістанға тұрақты рейстерін қайта бастайды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Шиелі ауданында 3 297 жаңа жұмыс орны ашылды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.