Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтар

Алматыда 5G желісі пилоттық режимде іске қосылып жатыр

Алматыда 3 оператор пилоттық режимде 5G желісін қосты. Бұл туралы қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды altyalash.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Спикердің сөзінше, 5G желісін елімізде қызмет көрсететін 3 оператор адамдар көп жиналатын жерге орнатты.

«Қазір Көктөбе, Шымбұлақ, Медеу, Каусар-Плаза және Смарт-Пойнт нүктесінде пилоттық режимде 5G желі іске қосылды. Технологияның өте жылдам дамуына байланысты біз осы 5G желісіне басымдық беріп отырмыз. Өйткені ол аз уақыттың ішінде анағұрлым көп мағлұматты бере алады. Сонымен қатар, бұл желі кешкі уақытта телефоннан сериал көруге, жақындарымызбен видео арқылы сөйлесуге мүмкіндік береді»,- деді Баян Қоңырбаев.

Сонымен қатар, ол 5G желісін қосуда қалаға ешқандай шығын келмейтінін атап өтті. Оны операторлар өздері орнатып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Санкцияға түскен қазақстандық компания шағым түсіруге оқталды

admin_altyalash

ІІМ: 85 миллионнан астам алаяқтық қоңыраудың жолы кесілді

admin_altyalash

Елордада Құқықтық бақылау мен қоғамдық тәртіпті күшейту бойынша нақты жұмыс жүріп жатыр

admin_altyalash