Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Заң факультетінің Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасында жыл сайын өтетін “Рухани жаңғыру” жобасының аясында жыл сайын өтетін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсанында 5В030100 – «Құқықтану», 5В030300 – «Құқық қорғау қызметі», 5В030400 – «Кеден ісі» мамандықтарының 4 курс және 6B04205 – «Құқықтану» мамандығының 3 курс студенттеріні мен курсанттарының қатысуымен «Криминалистиканың үздік альбомы» атты Респубикалық деңгейінде байқаудың марапаттау салтанаты өткен болатын
«Криминалистиканың үздік альбомы» атты Республикалық байқауының марапаттау салтаны өтті. 05.09.2021 ж. – 21.11.2021 ж. аралынында болған «Криминалистиканың үздік альбомы» атты байқауы Қылмыстылыққа қарсы тұру мәселелерін зерттеу институтымен бірігіп өткізілді. Байқаудың жабылу салтанаты онлайн форматта ZOOM платформасында, сонымен қатар instagram, facebook, youtube әлеуметтік желілерінің тікелей эфирінде өткізілді. Байқауға Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарының студенттері қатысып белсенділік танытқан 8 жоғарғы оқу орнынан 180 нен аса студенттер қатысты: Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы (Алматы қ.); М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті; Мардан Сапарбаев институты (Шымкент қ.); Қазақ Ұлттық аграрлық университеті; Орталық Азия Инновациялық университеті; М.Есбулатов атындағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы академиясы. (Алматы қ.); Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы (Алматы қ.) және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ.) І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті (Талдықорған); Байқауға «Құқықтану», «Кеден ісі», «Құқық қорғау қызметі», «Халықаралық құқық» мамандықтарының студенттері қатысты.
Байқаудың мақсаты: Қазақстан Республикасының заңнамаларын дамытуға өз үлестерін қосуы үшін жас ғалым-студенттедің білімін шыңдау.
Қысқаша мазмұны «Криминалистиканың үздік альбомы» байқауының онлайн-марапаттау рәсімі барысында өткен іс-шараны модераторлар қазақ және орыс тілінде жүргізді. Байқауды екі тілде жүргізу аудиторияның бағдарламаның мәнін толық және дұрыс түсінуі мақсатын көздеді.
Байқаудың құрметті қонақтары: Садыков Серик Айтбаевич – Қазақстан Республикасы ІІМ Жедел-криминалистикалық департамент бастығы. Байдельдинов Даулет Лаикович – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің деканы, заң ғылымдарының докторы, профессор. Джансараева Рима Еренатовна – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор. Алимкулов Ербол Темирханович – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің деканының ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыс жөніндегі орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты, доцент.
Бұл жарыстың әділ бағалануын жүзеге асыру мақсатында кафедраның кезекті мәжілісінде профессор-оқытушылық құрамынан арнайы комиссия бекітілген болатын:
Қазылар алқасының төрағасы: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті з.ғ.к., доцент Тапалова Р.Б., Заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушылары Даубасова С.Ш., Абдрахманов Д.С.
Байқау қорытындысы бойынша барлық қатысушы студенттер I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды.
«Криминалистиканың үздік альбомы» байқауының I ДӘРЕЖЕЛІ диплом иегерлері: Жүнісәлі Әділжан, Абдымажит Асылбек, Жұматай Бағұстар, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенттері;
Азенова Саяжан, Смагулова Томирис әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенттері;
«Криминалистиканың үздік альбомы» байқауының II ДӘРЕЖЕЛІ диплом иегерлері: Насибова Саялы, Қыдырбаев Исламбек, Сатанова Амина, Махамбет Аян, Бекқалиева Айдана, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенттері;
Әшірова Аружан, Орталық Азия Инновациялық университетінің студенті;
Жапар Дамир, Джафарова Сабина, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттері;
Ксенбаева Динара,. Қазақ Ұлттық аграрлық университет студенті;
Бейсенбекова Жанеля, Аширбаева Карина әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенттері;
«Криминалистиканың үздік альбомы» байқауының III ДӘРЕЖЕЛІ диплом иегерлері:
Жунусова Айдана, Д.Қонаев атындағы Еуразиялық Заң Академиясының студенті;
Ергеш Ардақ, М.Әуезов Атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенті;
Азанбай Досболдат, Асан Аружан, Мамышев Темырлан, Нуркаев Тимур, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенттері;
Дүсенбаев Болатжан, Мырзакулов Альтаир, Орталық Азия Инновациялық университетінің студенті;
Рақымтаева Аяжан, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенті;
Есеналы Абылайхан, Дауренқызы Асылзат, Қазақ Ұлттық университетінің студенттері;
Түяқ Бақытжан, Жапарбек Арайлым, Медеу Әділ, Карабаева Жансая Қазақ Ұлттық университетінің студенттері;
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, заң факультеті, қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы Даубасова Сулушаш Шинжрхановна, осы іс-шараның өтуіне үлес қосқан және өзге қалала университетінен белсене қатысқан студенттеріне алығысын білдіре отырып, келешекте осындай іс-шараларды Қазақстанның көптеген жоғарғы оқу орындарымен бірлесе отырып жүргізуге деген ниетін білдірді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, заң факультеті, қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының меңгерушісі з.ғ.д., профессор Джансараева Рима Еренатовна, осы іс-шараның өтуіне үлес қосқан және Қазақстанның 8 университетінен белсене қатысқан студенттеріне алығысын білдіре отырып, келешекте 1 наурыз 2022 жылда өтілетін «Крим-Экс-2022» атты криминалистика мен сот сараптамасының үздік білгірлері Республикалық конкурсында жүздесеміз.
Заң факультеті Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы «Сарапшы-криминалист» студенттік үйірмесінің жетекшісі Даубасова С.Ш.