Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыБасты жаңалықтарЖаңалықтарҚоғам

Бейнеу ауруханасы жаңа құрылғымен толықты

Бейнеу ауруханасы «BiliCare» жаңа құрылғымен толықты. Бұл құрылғы арқылы нәрестенің билирубин деңгейін анықтауға болады.  Бұл туралы Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп хабарлайды altyalash.kz сайты.

Диагностикалық мақсатта қолдануға жеңіл медициналық аппаратты Біріккен Араб Әмірлігінің «Сейф және Сурур Бин Мухаммад Аль Нахиян» қайырымдылық ұйымы сыйға тартты. Медициналық аппараттың құны – 3 500 000 теңге.

Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің айтуыша, бейнеуліктер нәрестенің сарғаю деңгейін анықтау үшін емханадағы лабораторияға барып, қан тапсыратын еді. Енді бұл құрылғы тұрғындар үшін тиімді болмақ.

«Баланың сарысын анықтайтын құрылғы ауруханадағы 4 бөлімнің біреуіне берілді. Алдағы уақытта қалған бөлімдерді де жабдықтау жоспарда бар. Ранскутандық билирубинометр атты «BiliCare» құрылғысы инвазивті емес, жаңа туылған нәрестелердегі билирубин деңгейін тері бетінен, теріні зақымдамай, нәрестеге ауру сезімін тудырмай анықтайды. Бейнеу аудандық аурухана басшылығының атынан демеушілерге алғыс білдіреміз», – дейді аудандық аурухана қызметкерлері.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда жүктемесі жоғары қиылыстардағы кейбір бағдаршамдардың жұмысы өзгертіледі

admin_altyalash

Алматы сапалы білім мен қолжетімді денсаулық сақтауға инвестиция құйып отыр

admin_altyalash

Алаш қайраткерлері өмірінің беймәлім тұстарынан сыр шертетін құжаттар бар

admin_altyalash