Сенаторлар еліміздің Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлік деңгейін арттыру мәселелерін талқылады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Тамыз 18, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Сенаторлар еліміздің Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлік деңгейін арттыру мәселелерін талқылады

18.02.2022
0
Сенаторлар еліміздің Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлік деңгейін арттыру мәселелерін талқылады

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары Мемлекет басшысының «Қасіретті қаңтар» сабағы: Қоғам тұтастығы – тәуелсіздік кепілі” тапсырмаларын іске асыру аясында Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігі мен ұрыс қабілетін арттыруды заңнамалық қамтамасыз ету, проблемаларды анықтау және оларды шешу мәселелері бойынша Қорғаныс министрлігінің басшылығымен кездесу өткізді.

Сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төрағалық етуімен өткен кездесуде ол Президенттің жыл басында берген тапсырмаларын уақтылы және сапалы заңнамалық қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов берілген тапсырманы іске асыру барысы туралы депутаттарға айтып берді. Ол терроризмге қарсы операцияларды жүргізу және дағдарыстық жағдайларды басқарудың бірыңғай орталығын құру кезінде лауазымды тұлғалардың іс-қимылдарын заңнамалық деңгейде реттеу қажеттігі туралы айтты. Жастардың әскери қызметке деген ынтасын арттыруға, әскерге шақырылатын жастар мен әскери қызметшілерді тәрбиелеуде жаңа тәсілдер мен стандарттарды қолдануға байланысты шараларға ерекше назар аударды.

Сенатор Сергей Ершов өз сөзінде әрбір мемлекеттік органның рөлін, міндеттері мен функцияларын айқындай отырып, азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеуді ұйымдастыру қажеттігін атап өтті. Ол сондай-ақ Қарулы Күштердің жауынгерлік және жұмылдыру дайындығын қажетті деңгейде ұстап тұру, күш құрылымдары арасындағы тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету жөніндегі нормалардың өзара байланысы тұрғысында заңнамалық базаны жүйелеудің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында парламентшілер қорғаныс шығыстарын қаржыландыруға, сондай-ақ әскери ұжымдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты мәселелерді де көтерді.

Сенаттың салалық комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед кездесуді қорытындылай келіп мүдделі мемлекеттік органдармен және жұртшылықпен жекелеген ұсыныстарды, оның ішінде әскерге шақыру мәселелерін шешуге, мерзімді әскери қызмет өткеруді ынталандыруға және ынталандыруға бағытталған ұсыныстарды келісудің маңыздылығын атап өтті.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: Е.Үкібаев)

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қорғаныс министрі Алматы және Қапшағай гарнизондарының әскери бөлімдерін тексерді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«ЕРЛІК САБАҒЫ» ЕЛДІККЕ БАСТАЙДЫ

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.