2022 жылғы 19 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында спорт және саламатты өмір салтын сүйетіндер үшін жүгіруден Nur-Sultan Half Marathon жарысы өтеді. Жарысты жыл сайынғы “Алматы марафонның” ұйымдастырушысы “Бірінші болу – батылдық” корпоративтік қоры өткізеді. Тіркелуге almaty-marathon.kz сайтында болады.
Жарыс қашықтықтары:
– 21,1 км,
– 10 км,
– 10 км скандинавиялық жүріс.
Қатысушылар “EXPO” ХКО алдындағы алаңнан бастап, орталық көшелермен жүріп өтіп, астананың әдемі көрікті жерлері мен символдық орындарын – Бәйтерек, Хан Шатыр, Тәуелсіздік Сарайы, Ботаникалық бақ және т.б. көре алады.
Нұр-Сұлтанда жүгіруден үлкен және тату қоғамдастық бар. Бұл белсенді әуесқой жүгірушілерден құралған, олар бірге жаттығады, жарысты өздері өткізеді және астанада жүгіру мәдениетін дамытады, – дейді директор және жүгіру жарысын ұйымдастырушы Салтанат Қазыбаева. – Дегенмен, біз жергілікті атлеттерден жарысты Нұр-Сұлтанда өткізу туралы өтінішін талай рет естідік. 2021 жылдың соңында біз қала басшылығымен жарысты бастаудың барлық мүмкіндіктерін талқыладық және олардың мақұлдауына ие болдық. Жарыстың жоғары деңгейде өтетініне сенімдіміз және қатысушылардың арасынан тек астана тұрғындарын ғана емес, қонақтарды да көруге қуанышты боламыз.
Нұр-Сұлтандағы жарыс тегіс жолмен ерекшеленеді, яғни, онда спортшылар жеке рекордтарын орната алады. Қатысушылар мен жанкүйерлер үшін үлкен ойын-сауық бағдарламасы дайындалады. Барлық қатысушылар мәреші медаліне ие болады. 21 км абсолютті санаттағы ерлер мен әйелдер арасындағы ең жүйрік спортшылар ақшалай сыйлықтармен марапатталады: 1 орынға – 450 000 теңге, 2 орынға – 400 000 теңге, 3 орынға – 350 000 теңге. 21 км және 10 км қашықтықтағы жас санаттарында жеңімпаздар серіктестердің сыйлықтарына ие болады.
Қыркүйек айында ауқымды “Алматы марафонының” өтетінін естеріңізге саламыз. Тіркеу сәуір айында ашылады. Алайда қазірдің өзінде барлық жарысқа қатысамын деушілер Алматы жартылай марафонына (17 сәуір) және Алматы облысындағы Tau Jarys тау жүгірісіне (29 мамыр) тіркеле алады.