Катонқарағайда халықаралық айтыс өтеді – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Маусым 24, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Катонқарағайда халықаралық айтыс өтеді

22.06.2022
0
Катонқарағайда халықаралық айтыс өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 шілде күні Алтай тауларының етегінде орналасқан Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданында алғаш рет өтетін халықаралық айтыстың жалпы жүлде қоры  20 миллион теңге. Бас жүлде – 5 миллион теңге деп хабарлайды шараны ұйымдастырушылар.

Халықаралық айтысқа Қазақстанның, Өзбекстан, Моңғолия және Қырғызстаннан келген таңдаулы ақындар қатысады.
Елімізден Ринат Заитов, Бекарыс Шойбеков, Рүстем Қайыртайұлы, Мұхтар Ниязов, Еркебұлан Қайназаров және тағы басқа от ауызды, орақ тілді 16 ақын бақ сынайды.  Ақындардың өнеріне Ұлықбек Есдаулет, Серік Қалиев, Дәулеткерей Кәпұлы, Алмас Ахметбек, Кәмел Жүністегі және Серік Құсанбаев сынды салмақты құрам қазылық етеді. Айтысты белгілі ақын, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман жүргізеді.
Сайыс екі кезеңнен тұрады – іріктеу және финал. Іс-шараның жүлде қоры шамамен                 20 млн теңгені құрайды: бас жүлде – 5 миллион теңге, бірінші орын – 2 миллион теңге, екінші орын (екі екінші) – 2 миллион теңге, Үшінші орын (екі үшінші) – 1 миллион теңгеден,                сондай-ақ арнайы сыйлықтар бар.
Қазақ ықылым заманнан ақындар айтысының көмегімен қоғамның өзекті мәселелерін көтеріп, оларды халық атынан билікке жеткізе алған. Сондықтан мұндай іс-шаралардың өзектілігі жоғалмайды. Әлбетте осындай ақындар айтысы қазақ халық шығармашылығын дамыту мақсат етеді. Айтыс жанры – қазақ өнерінің бай мұраларының бірі. Біз оны Қазақстанның ең әдемі және киелі жерлерінің бірі – Алтай тауларының етегі Катонқарағайда  өткізуді ұйғардық. Өйткені Алтай Қазақстан тарихында ғана емес, бүкіл түркі өркениетінің қалыптасуында ерекше орын алады, – деді ұйымдастырушы, Катонқарағай ауданы Тұрақты Даму Қорының жетекшісі Серік Жүнісов.
Ауқымды шараның тақырыбы «Алтайдай жер қайда?!» деп алынуы да тегін емес. Бұл аймақ өзінің табиғатымен, тарихи және мәдени құндылығымен ерекше. Мұндай табиғаттың сұлулығы көптеген жылдар бойы суретшілер мен ақындардың шабытына арқау болған. Өңір тек көшпелі империялардың провинциясы ғана емес, түркі билеуші әулетінің қасиетті атамекені саналған. Ұйымдастырушылардың ойынша, дәл осы жерде табиғат пен рух, тарихи мұра мен болашаққа деген көзқарастың үйлесімділігі айтыс арқылы көрініс табады.
https://baq.kz
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Тілсіз жаудан қауіп төнбесін

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Су добынан әлем чемпионатында Қазақстан Бразилиядан басым түсті

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.