Ағашты киіз үйді темір алмастырды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 23, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Ағашты киіз үйді темір алмастырды

12.07.2022
0
Ағашты киіз үйді темір алмастырды

Сәні мен салтанаты жарасқан қазақтың киіз үйлерінің өзі салт-дәстүрімізді сөйлетіп тұрғандай. Алайда соңғы жылдары сүйегі мықты ағаштан жасалған киіз үйлердің орнын темірден құрастырып, сыртына мата жапқан жасанды құрастырмалар басты. Тіпті, соңғы екі-үш жылдықта сол ағаш үй формасындағы жасанды құрастырмалар трендке айналды. Қазір қазақ құда күту, келін түсіру тойларын сондай үйлерде жасайтын болды. Әрине, мұның басты себебі де түсінікті. Өйткені бүгінде нағыз ағаш үйдің сүйегін жасайтын шеберлер де жоқтың қасы.

Шаңырағынан күн сығалап қарайтын, көрген адам ішін көшпелі мұражайға балайтын, қазақтың киіз үйін кім, қашан ойлап тауып, жасағаны белгісіз. Оның қандастарымызға құтты қоныс болғанын тереңдеп зерделесек, арта қалған мыңжылдықтарға бойлайтынымыз анық. Тіршілік түбі тамырлас қазақ, қырғыз, қалмақ, мұңғылдарға және олардан сабақ тартатын көшпенді ұлыс, тайпаларға тау, дала табиғатының қытымыр аязы мен шіліңгір ыстығынан қорған баспана болған, киіз үй құрылысы уақыт сынынан өтіп, мызғымастай үлгіде бізге жетілдіріліп жеткені даусыз. Табалдырықтан бастап төріне, керегесінен шаңырағына дейін мән-мағынаға толы. Ең бастысы оның көшпенді дала тіршілігіне өте қолайлылы болса, оған бір тал шеге қағылмай, ешбір темір қосылмай жасалған әлемдегі жалғыз баспана болатын. Ал қазір ше?

Көзбен көріп жүргеніміздей көп жерде темірден жасалған қазақ үйді тігіп қойдық. Бұрынғы ата бабаларымыз қазақтың қара шаңырағы саналған ақ шаңқа киіз үйді киелі санап, оларды көздің қарашығындай сақтаған емес пе? Ақ жаулықты әжелерміз киіз үйдің барлық жабдықтарын қолдан жасаған.  Сондай ақ,  жасыл жайлау жағалай киіз үйлер тігіліп тұратын. Алдыңғы буын киіз үйдің құрылымын, оның мәдени-әлеуметтік танымдық қасиеттерін жақсы біледі. Қалай құрып, қалай жығуына дейін әрине. Тіпті киіз үйге қатысты ырым жоралғылар, салт-дәстүрлер де олардың жадында. Ал, қазіргі жастар ше? Қазіргі кезде, аудан, қала тұрмақ, қаймағы бұзылмаған қарапайым ауылдың өзінен қаз қатар тігілген киіз үйді де көрмейтін болдық. Тас қорапты көп қабатты үйге таңылып, ата-баба ғұмыры байланған үйден алыстап бара жатыр. Ертең осылайша нағыз құндылығымыздың жойылып кетпесіне кім кепіл. Біздің өңір егін шаруашылығыиен айналысып келеді. Егістік алқабында бірең сараң киіз үйлер көзге оттай басылады. Әрине, олардың өзі де ескі, киіздері іріп керексіз қалыпқа айналған. Осы кезде ой туындайды, неге алдағы уақытта ат бабамыз аманаттаған киіз үйді қайта қолданысқа енгізбеске. Бұл киіз үйді арнайы шеберлер қолға алса жақсы болатын еді. Өйткені, көшпенділер өркениетінің осы бір өнер туындысының қазір жұрнағы ғана қалды.

Мысалы, көрші қытай елінен шаңырағы, керегесі мен уығы темірден жасалған киіз үйлерді отандастарымыз әкеліп пайдаланып жүр. Бір жерде тапжылмай тұратын қымызханаларға болмаса, темір сүйекті үй көшіп-қонуға қолайсыз. Ол темірден істелген қазақ үй. Уығы шаңыраққа шаншылмайды, уығы туырлықтың бел ортасынан керегенің бел ортасына дейін жабылмайды. Бас арқаны тартылып, белбауы байланбайды. Ол әншейін темірден құрастырыла салған конструкция. Осы мені қатты ойландырады. «Жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүреміз» деп ұлттық құндылықтан айырылып қалмасақ болғаны.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Ана тілінің – отбасыдағы рөлі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Лондонда ойқастаған Рыбакина

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.