ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІ ҰЛЫҚТАҒАН – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 23, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІ ҰЛЫҚТАҒАН

14.07.2022
0
ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІ ҰЛЫҚТАҒАН

«Мұнаралы әр жерде Мешіт болған бұл ағаш, Шеберлердің қолында, Кәсіп болған бұл ағаш» деп жыр дүлділі Қашаған кезінде сонау бір Есқали сұпының «бұл не қылған қу ағаш, қайдан келді бұл ағаш?!» дегеніне қарсы ағаштың қадір-қасиетін айтып осылайша жыр төккені бар еді. Бүгінде сол ағаштан бұйым жасауды жаңғыртып, қазақтың осы бір өнерін дамытып, бабалардың өнегелі жолын жалғаған қолөнер шеберлері аз емес. Сондай ұлттық өнерді ұлықтаған кейіпкеріміз – Нұртөре Есболұлы.

Қазіргі таңда ауыл тұрғындары ішінде мақсатын айқындап, қадамын нықтап кәсіпкерлікке бет бұрғандардың қатары артып келеді. Ағаштан түйін түю үшін ең әуелі ынта-жігер мен ептілік қажет. Ал бүгінгі кейіпкеріміз ағаштан ою ойып, ұлттық өнерімізді насихаттап жүрген шебердің бірі. Бабадан қалған  текті өнерді бүгінге дейін жаңғыртып келе жатқан ісмер Шиелі кентінде тұрады.  Ол бүгінде ағаштан жасалған түрлі бұйымдарды өз қолымен өрнектеп, тұрмысқа қажетті барлық жиһаз түрлерін жасап оны табыс көзіне айналдырып отыр. Нұртөренің кішігірім шеберханасында бүгінде көптеген жиһаз түрлері бар. Тұрмысқа қажетті дүниелерді ол Еуропалық және Американдық үлгіде жасайды. Шебердің қолынан шыққан әрбір жиһаз бүгінде аудан орталығындағы сауда орталықтарында, мейрамханаларда, көптеген өнеркәсіп дүкендерінде көрініс тауып тұр. Көздің жауын алып, түрлі өрнектермен безендірілген мұндай жиһаз түрлері бүгінде брендке айналған. Бренд демекші, жеті қырлы бір сырлы кейіпкеріміз алдағы уақытта отандық үлгідегі жиһаз түрлерін жасап шығармақ. Сондай-ақ оған бұл шеберлік қабілет арғы аталарынан берілгендігін айта кеткен жөн. «Адамның мықты болып жаратылуы атадан» деген сөзге бүгінгі кейіпкеріміз дәлел.

–Мен ағаштан жасалған түрлі бұйымдарды жасау арқылы өз жолымды таптым. Бұл істі алғашындажәй хобби ретінде бастағанмын. Бастапқыда ағаштан түрлі сандықтар, қобдишаплар жасап үйрендім. Мен ол кезде оқушы едім. Кейіннен бұл іске қызығушылығым артып, түрлі бұйымдар жасай бастадым. Сондай-ақ өз үйіме керекті дүниелерді өз қолыммен жасауды әдетке айналдырдым. Ер жеткен соң Алланың берген бекзат өнерін арғы қарай дамытуды жөн санап, кішігірім шеберхана ашып өз кәсібімді дөңгелеттіп. Қазіргі таңда аудан халқы үшін қолымнан келгеннің бәрін жасап, ел игілігі үшін жиһаз түрлерін жасауды мақсат тұттым. Менің басты арманым – өз қолымнан отандық үлгідегі жиһаз жасап шығару. Өйткені, халықтың өзімізіден шыққан дүниелерді қолданып, тұтынғанын қалаймын. Маған өз ісім рахат сыйлап, көңіліме жайлылық орнатады. Әрбір азамат өмірінде өзінің қолынан келетін істі тауып, оның шебері, маманы, майталманы болуы керек. Оған жету үшін әрбір адам өзін-өзі дамытып, белсенді болуы керек, алға ұмтылуы керек, – дейді шебер.

Жазу өнерінде «жақсы жазатын адам жақсы жазбайды, жақсы ойлайтын адам жақсы жазады» деген бар. Бұл тек қолына қалам ұстағандардың ғана емес, сондай-ақ кез-келген істің шебері боламын деушілерге де қатысты айтылған тұжырым. Біз сұқбаттасқан ағаш шебері ой-қиялы бар, ұлттық қол өнеріміздің мерейін көтеріп жүрген іскер қолөнерші екендігіне көз жеткіздік. ұстаның әрбір жұмысына сәттілік тілейміз.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Алтынға қыздар неге құмар?

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қор нарығында доллар қымбаттады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.