Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыБасты жаңалықтар

Алматының Алатау ауданындағы апатты үйлер бұзылады

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты.

Өткен кездесуде «Зерделі» шағын ауданының тұрғындары балаларға қауіп төндіретін, салынып бітпеген екі көпқабатты үйге және үйлердің сейсмикалық күшейту жұмыстарын аяқтау қажеттілігіне қатысты алаңдаушылық білдірген еді. Тұрғындардың өтініші бойынша осы жылдың соңына дейін аудандағы апатты үйлерді бұзу туралы шешім қабылданды. Олардың орнына жасыл саябақ аймағы мен балалар алаңын салуды көздеп отырмыз,- деді Ерболат Досаев.

Сонымен қатар ол биыл шағын аудандағы 63 үйдің қасбеттері сырланатынын айтты. Қажетті қаржы бөлініп, мердігер ұйым анықталды. Жұмыстар тамызда басталады.

Шағын аудандағы үйлерді жөндеу жұмыстары жүргізіліп, құлағалы тұрған үйлер мәселесі шешіледі. Бүгінгі күні барлығы 30 үйдің 23-і бойынша нығайту жұмыстары аяқталды. Қалған 7 үй бойынша жұмыстар биыл желтоқсан айына дейін аяқталады,- деді қала әкімі.

Ұқсас жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысы 100% аяқталды

admin_altyalash

Қарағандыдағы жаппай улану: алты бала әлі жансақтау бөлімінде жатыр

admin_altyalash

Жезқазғанда 41 жастағы әйел суға батып кетті

admin_altyalash