Жолаушыларды тасымалдайтын автобустар мен таксилер тексеріледі – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Маусым 28, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Жолаушыларды тасымалдайтын автобустар мен таксилер тексеріледі

19.07.2022
0
Жолаушыларды тасымалдайтын автобустар мен таксилер тексеріледі

Каникул мен жол қозғалысының жиілеуіне байланысты ҚР Ішкі істер министрлігі жол қозғалысы қауіпсіздігі айлығын өткізеді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Тек өткен демалыс күндері 80-нен астам жол-көлік оқиғасы болып, 20-дан астам адам қаза тапты. Яғни, жол жағдайын ескеріп, еліміздегі жолдарда адамдардың қаза болуы, жарақат алуы, мүгедек болып қалуы салдарынан Ішкі істер министрлігі жол қозғалысы қауіпсіздігі айлығын өткізуді ұйғарды. Жол-патрульдік қызметтің барлық экипаждары осы шараны өткізуге барынша жұмылдырылған. Бірінші кезекте жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын көлік құралдары тексеріледі. Яғни, автобустар, микроавтобустар, минивэндер, такси жүргізушілері. Осы жол апаттарын талдау нәтижесінде көргеніміздей, мысалы, бес орын қарастырылған жеңіл автокөлікте – жеті-сегіз адам, бес ересек және екі-үш бала қаза тапқан», деді Жандос Мұратәлиев Ішкі істер министрлігінің онлайн брифингінде.

Оның айтуынша, жол-патруль полициясының түнгі уақыттағы жұмысы күшейтілген, себебі жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі қараңғы түскенде жиілейді. Сондай-ақ, демалыс кезінде автокөлік жолдарында қозғалыс көбейеді. Қызметкерлер түрлі себептер бойынша автокөліктерді тоқтатқанда жүргізушілердің әсіресе түнгі уақытта мұқият болуы үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Сонымен қатар, Ж. Мұратәлиев бірқатар жол апатын тексергенде тежегіш ізінің жоқтығы анықталғанын, бұл жүргізушілердің көлікте ұйықтап кеткенін білдіретінін айтты. Осы себепті соңғы уақытта 8 адам қаза тауып, 9 адам жарақат алған. Сондықтан, көлікті тоқтатқан полиция қызметкерлері жүргізушінің жай-күйіне – сапарды жалғастыра алатынына, көліктің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне, жолаушылар санына және басқа да мәселелерге назар аударады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Елена Рыбакина Сан-Хоседегі турнирге қатысады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Бақылау-касса машиналарының бағдарламасы жаңартылады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.