Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыБасты жаңалықтар

Алматы көшелеріне асфальттың жаңа түрі төселіп жатыр

Алматыда асфальттың жаңа түрі сынақтан өткізіліп жатыр. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әкімдіктің мәліметінше, полимерлі битум негізіндегі асфальтбетонды қоспаны алматылық жол жөндеушілер қолданысқа енгізіп көрді. Пилоттық жоба аясында жаңа қоспамен Гоголь көшесінің автобус жолағының солтүстік жағындағы үш учаскесі жөнделді. Мамандар бұл аумақты жыл бойы бақылап отырады.

«Сынамалар алынып, жабынның жай-күйіне мониторинг жүргізіледі. Бұл тәжірибе барысымен қала әкімі Ерболат Досаев танысты. Жаңа материал әлдеқайда берік және жолдарда ойықтар мен жарықтардың пайда болуына жол бермейді деп есептеліп отыр», делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

36 гектарға жуық жер мәжбүрлі түрде қайтарылды

admin_altyalash

Кәсіпкер қымыздан балмұздақтың 18 түрін шығарады

admin_altyalash

Алматыда Фатима Балғаеваның 100 жылдығын атап өтті

admin_altyalash