Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Алматы көпсалалы колледжінде студенттермен кездесу өтті

          Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының «Салауатты өмір сүру» жобасы аясында «Social project management орталығы» қоғамдық қоры ұйымдастыруымен  «Лудоманияның салдары, себептері мен симптомдары» атты семинар-тренинг болды.

          Аталмыш шара  2022 жылдың 27 қазан  күні Алматы көпсалалы колледжінде студенттердің қатысуымен өтті.  Семинар спикері: психолог, психотерапевт, Қазақ психология қоғамының мүшесі Амангелді Мейрамбекұлы.

          Лудомания – ойынға құмарлық. Қоғам дертіне айналған бұл ауру жастардың арасында кең таралған. Оңай жолмен ақша тауып, байып кеткісі келетін жастардың көбі букмекерлік компаниялардың тұзағына түсіп, ақшаларынан қағылып жатыр.

          Әдетте лудоманияға тәуелділік ақшаның жетіспеушілігі мен бос уақыттың көптігінен туындайды. Осы орайда психолог маман құмар ойынға салынып, уақыттарын бос өткізбей, пайдалы істер жасауға шақырды.

          Болашақ – жастардың қолында. Студенттер арасында өткен семинар-тренингке қатысушылар белсенді қатысып, лудомания туралы өз ойларымен бөлісті.

Ұқсас жаңалықтар

Ғылымға қашан қан жүгіреді?

admin_altyalash

Бүгіннен бастап банкроттыққа өтінім қабылдау басталады

admin_altyalash

Алматы облысында 6 полицей пара алғаны үшін сотталды

admin_altyalash