Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

«Лудоманияның салдары, себептері мен симптомдары» атты семинар-тренинг өтті

Қоғамдағы түйткілді мәселелердің бірі – құмар ойынға құмарттқандар мен автоматтың алдына телмірген жастардың әрекеті. Оңай олжаға алданғандар қолда бар соңғы ақшасын ойынға тігіп, болашағы мен отбасының ойранын шығарып жүр.

Осы мәселе бойынша ағымдағы жылы қазан айының 28 күні Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының «Салауатты өмір сүру» жобасы аясында «Social project management орталығы» қоғамдық қоры ұйымдастыруымен Алматы қаласында  Қазақ ұлттық колледжінде, 2-курс студенттерінің арасында «Лудоманияның салдары, себептері мен симптомдары» атты семинар-тренинг өтті.

Семинар спикері: психолог, психотерапевт, Қазақ психология қоғамының мүшесі Амангелді Мейрамбекұлы.

Шара барысында психолог ойынға тәуелділіктің зияны туралы толық түсіндіріп, алдын алу жолдары айтты. Жастардың бойында ізгі қасиеттерді қалыптастыру арқылы олардың еңбек ету ынтасын аша аламыз. Студенттерге дұрыс жол көрсетіліп, бағыт-бағдар берген семинар болды.

Ұқсас жаңалықтар

Бензин мен дизель отынын экспорттауға салынған тыйым ұзартылды

admin_altyalash

Тез өлмен

admin_altyalash

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы мен «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын табыстау бойынша брифинг өтті

admin_altyalash