2022 жылдың 4 қараша күні Алматы қаласы Түрксіб ауданы Алматы гуманитарлық және педагогтік колледжінде «Жаңа Алматы жастары» жобасының аясында «Social project managment» орталығы қоғамдық қорының ұйымдастыруымен кездесу өтті.
Шара барасында «Көшпенділер Атамұрасы» қоғамдық қорының президенті, Батыржан Сейдомар студенттермен мамандық таңдау тақырыбында ой бөлісіп, кездесуді еркін форматта өткізді.
Мамандық таңдау – адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Сол шешімді дұрыс таңдауларына жол көрсету мақсатында өткен кездесуге жастар белсенді қатысты. Шара барысында мамандықты дұрыс таңдауды және сол мамандықпен ары қарай табысты жұмыс істеу туралы сөз қозғады. Болашақ мұғалімдерге сабақты қызықты өткізу үшін түрлі тәсілдерді қолдану керектігін айтып, қазірден бастап сабақ беру амалдарын ойланып жүрулерін ұсынды.
Кездесуге қатысқан студенттер көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, қанағаттанарлықтай жауап алды. Мықты маман – мықты болашақты кепілі. Еліміздің еңбек нарығын дамыту – жастарға көңіл бөлуден басталады. Отырған студенттер дұрыс мамандық таңдағандарын айтып, болашақта сол сала бойынша жемісті еңбек ететіндерін тілге тиек етті.