Қазіргі ғылым тілінде мінез-құлықтың қабылданған ортақ нормалардан ауытқу белгілерін – девиантты мінез-құлық деп атайды. Бұл мінез жастар арасында жиі байқалады. Отбасында, ортасында жылылықты сезінбеген жасөспірімдер айналасындағыларға да салқындық танытады. Девиантты мінез-құлық иелері ата-анасымен, ұстаздарымен, достарымен дөрекі сөйлеседі. Олар біреудің сөзін тыңдап, ақылыны құлақ асқысы келмейді. Өз айтқынымен жүремін деп қиындыққа жиі ұшырайды. Құмар ойынға құмартып, ішімдік пен шылым шегуге әуестенеді. Солай өз болашақтарына зиян келтіреді.
Жастар арасында жиі тараған осы мінез-құлық мәселесін дұрыс шешу үшін арнайы шаралар өткізілді. Соның бірі: Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының «Ashyq Alan» жобасы аясында «Social project mаnаgement орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен девиантты мінез-құлықты жастармен жұмыс жүргізу бойынша семинар-тренингтер .