Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Медиация – дау-дамайды шешудің ең ұтымды жолы

      Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Медиация институтын дәріптеу және дауларды шешу бойынша іс-шаралар кешенін өткізуге бағытталған жобасы» аясында, Түркісіб ауданында, Қазақстан медиаторлар қауымдастығының бас директоры, Жанділда Жақыпов, «Дау-дамайды реттеудің медиативтік құзіреттілігі» атты тегін семинар өткізді.

    Семинардың мақсаты – дауларды шешу жолдарын көрсету, медиация институтының мүмкіндіктерін түсіндіру, татуластыру рәсімдерін танымал ету.

   Семинарға татуластырушы судьялар, сот мамандары, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының, АХАЖ қызметкерлері, мектеп директорлары мен меңгерушілері, медициналық мекемелердің басшылары мен қызметкерлері, прокуратура, ІІД, саяси партиялар қоғамдық қабылдау бөлімдерінің қызметкерлері қатысты.

Ұқсас жаңалықтар

Шекарада сапалы және қауіпсіз қызмет атқару үшін барлық жағдай болуы қажет

admin_altyalash

Жетібай ауылының медицина қызметкерлері АЭС салуды қолдады

admin_altyalash

«ҮРКЕР» – 2024 Ұлттық бәйгесіне өтінімдер қабылдау басталды

admin_altyalash