Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

ЛА-155/6 түзеу мекемесінде кездесу өтті

          2022 жылдың 15 қараша күні «Ашық алаң» жобасы аясында «Social project managment» орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Алматыдағы ЛА-155/6 түзеу мекемесінде Мурадуллаева Гульбанум Навирдинқызы девиантты мінез-құлықтағы жастармен тренинг өткізді.

          Тренингте Мурадуллаева Гульбанум айналамыздағы әр пенденің жақсы жақтарын көре білумен қатар, адам бойындағы жақсы қасиеттер әдептілік, еңбексүйгіштік әр адамның тұлға болып қалптасуына тікелей ықпал ететіндігін тілге тиек етті.

          Девиантты мінез-құлық – жалпыға ортақ мойындалған құқықтық нормалардан, әдептерден ауытқу. Көптеген зерттеуші ғалымдардың тұжырымдамасына жүгінсек, жастардың ата-ана мен ұстаздарға қыр көрсетуі, үлкендердің тілін алмауы, жағымсыз жандарға еліктеуі, темекі мен ішкілікке үйір болуы девиантты мінез-құлықтың алғашқы белгілері болып саналады.

          Жастардың бойындағы девиантты мінез-құлықпен көресудің ең тиімді жолы – олардың жүрегіне өзіне деген сенімді ұялату. Кез келген адам табиғаттың мүшесі, мемлекеттің азаматы. Жастар өзін қоғамдық ортаға керекті санағанда бойында сенім оянып, баршаға пайдалы іспен айналысуға тырысады. Алтын уақыттарын бос өткізіп, денсаулықтарына зиянды іспен айналысудың алдын алу мақсатында жастар арасында үгіт-насихат шаралары жиі жасалып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

«Тумысынан қайсар»: ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың қазақы менталитет, даму, экономика және сыртқы саясат тұрғысында айтқан сөздері

admin_altyalash

ШЕГІРТКЕ ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ҚАРАЛДЫ

admin_altyalash

Үкімет отырысында жол қозғалысы мен жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды

admin_altyalash