Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

NEET санатындағы жастардың көбеюіне не себеп?

Психологтардың сөзіне құлақ түрсек, NEET санатына жататын құлықсыз жастардың көбеюінің бірнеше себебі бар. Жастардың жаһандану үрдісіне ілесе алмауы, уақытын бос дүниелерге жұмсауы, еңбек ақының аз болуы, ата-анамен арадағы сыйластықтың азаюы, жеңіл жолмен ақша табуға ұмтылуы, ішімдік пен шылым шегуге әуестенуі тағысын тағы.

Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Болашақ білімді, бәсегеке қабілетті ұрпақтың қолында. Ақын Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» деп жырлағандай,  жаңа толқын жастарға зор үміт артылып отыр. Мағжан сенген, ел сенген жастар қандай болу керек? Білім мен білігі дамыған, озық техникалық құралдарды меңгерген азаматтар – ел болашағы. Жасөспірімдер арасындағы білім мен тәрбие,  салауатты өмір салтын  насихаттау қоғамдағы өзекті мәселе. Осы орайда жастарды жұмыспен қамту, олардың еңбекке араласуға ынтасын ояту мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр.

Ағымдағы жылы Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының «Жаңа Алматы жастары» жобасы аясында «Social project mаnаgement орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен бірнеше семинар-тренинг өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Сенат самокатқа қатысты заңды мақұлдады

admin_altyalash

Ғылыми қызмет қағидалары Ата Заңмен бекітілуге тиіс

admin_altyalash

Дихан Қамзабекұлы білім жүйесіндегі зайырлылық пен мәдениеттің Ата Заңда нақты айқындауды ұсынды  

admin_altyalash