Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

«Жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті

    2022 жылғы 25 қараша, сағат 11.00-де Қазақстан Жазушылар Кітапханасында «Ashyq Alan» жобасы бойынша «Social project management» орталығының ұйымдастыруымен «Жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті.

       Шараның модераторы – Social project management» орталығының директоры Бейбіт Молдахметұлы.

      Кездесуге «Отбасы xрестоматиясы» қоғамдық қорының атқарушы директоры, мәдениеттанушы – Бағдат Құдияр, Әуезов ауданы Полиция бөлімінің аға инспекторы, полиция капитаны – Смаилова  Зарина Анваровна, психолог- консультант – Амангелді Мейрамбекұлы, Мәскеу психология институтының магистрі – Раушан Дәулетқызы, психолог  – Жәмила Айдос қонақ ретінде шақырылды.

      Психолог мамандар жастар арасында өршіп тұрған проблемалардың алдын алу мақсатында ақыл-кеңестерін айтты. Жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстық әрекеттердің артуы – қоғам дерті. Ойланбастан қылмысқа барып, өкініп жүрген жастар көп. Осындай оқиғалардың болдырмау  үшін жастармен жиі кездесу өткізіп, дұрыс бағыт-бағдар беру керек.

Ұқсас жаңалықтар

Көрермендер талабымен «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі прокатқа қайта шықты

admin_altyalash

21 мыңнан 1,9 млн-ға жетті: Киік бұдан былай жойылу алдында тұрған аң емес

admin_altyalash

«Жас талғамайтын өнер»: Садақ ату федерациясы әуесқойдан кәсіпқой мергендер шығарады

admin_altyalash