Алматы қалалық «Alma CUP»  чемпионатының БАСКЕТБОЛ ойындарының жеңімпаздары анықталды     – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Спорт

Алматы қалалық «Alma CUP»  чемпионатының БАСКЕТБОЛ ойындарының жеңімпаздары анықталды    

18.12.2022
0
Алматы қалалық «Alma CUP»  чемпионатының  БАСКЕТБОЛ ойындарының жеңімпаздары анықталды      

 Ұлттық Олимпиадалық комитеттің шешімімен еліміздің үздік спорттық аймағы деп танылған Алматыда бүгінде 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың саны 700 мыңға жуықтайды, бұл жалпы халықтың 40 пайызын құрайды. Жастардың негізгі санаты – ЖОО мен колледж студенттері, сондай-ақ әр түрлі ұйымдардың қызметкерлері.  Яғни, Алматы тұрғындар үшін салауатты өмір салтын ұстанудың жоғары сапасын қамтамасыз ете отырып, еліміздің үздік спорттық жастар пулын қалыптастыратын негізгі драйверлерінің бірі болып саналады.

Спорт — мемлекеттің мәртебесін, ұлттың намысын айқындайтын, халықтың жанкүйерлік рухын көтеретін көрсеткіш. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Дене шынықтыру мен бұқа­ралық спортты дамыту жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған ке­шенді жоспар» әзірленіп, барлық жас санаты арасында бұқаралық спортты дамыту мәселесіне назар аударылған болатын. Осы жос­парға сәйкес, еліміздің барлық өңірлерінде жастар арасында бұқаралық спорт қозғалысын арттыруға, спорттағы жетістіктерді ынталандыруға бағытталған көптеген шаралар ұйымдастырылуда.

Солардың бірі – 2022 жылдың 8-14 желтоқсан   аралығында Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, «Алматы студенттер Альянсы» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен өткен «Alma CUP» қалалық чемпионаты. Чемпионат киберспорт, баскетбол, волейбол және футбол спорт түрлері бойынша әр түрлі санаттарғы 1000-нан аса жастардың қатысуымен өтті.

Оның ішінде,  баскетбол – кең таралған әрі жастардың жоғары қызығушылығына ие спорт түрі. 1972 жылғы Мюнхен Олимпиадасында КСРО құрама­сымен бірге атой салған әйгілі бас­кетбол спортының шебері, қазақтан шыққа тұңғыш Олимпиада чемпионы Әлжан Жармұхамедовтің ізін жалғап, ол ба­ғындырған шыңға жету үшін барын салып жүрген спортшыларымыз баршылық. Оның дәлелі – бүгінде Қазақстан құрамасының әлем чемпионатына шығуына бір табан жақындатқан үздік командалардың көбейіп келе жатқандығы. Әрине, елімізде бұл спорттың тұрақты дамуына жастардың осы спортпен айналысуына мүмкіндіктер жасалып, заман талабына сай спорт кешендерінің пайда болуы, сонымен қатар жас спортшылардың шыңдалуына бағытталған аймақтық турнирлердің де маңызы зор.

  Ең алдымен, баскетбол сынды топтық ойындар жастарды  шынықтырып қана қоймай, олардың бойында әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға, топпен жұмыс жасауға үйретеді. Сонымен қатар, балалардың жеке тәртіп пен уақытты тиімді пайдалануда, психикалық және эмоционалды қысымдарды босатуда әсері бар.

«Alma CUP 2022» қалалық чемпионаты аясында ұйымдастырылып отырған баскетбол саласының үздік жастарын анықтауға арналған қалалық турниріне 32 қыздар және ерлер командалары  қатысты. Жарысқа қатысушылар қатарында 20-дан астам жоғарғы оқу орны, 7 колледж және мектеп, 5 әр түрлі сала қызметкерлерінен құралған әуесқой командалар бар. Олардың көпшілігі жоғары дайындықпен дәрежелі әрі тартысты ойын көрсетті. Турнирдің барлық ойындары Қазақстан баскетбол федерациясының ережелеріне сәйкес үздік спорт шеберлерінің төрелігімен өткізілді.

Үздік командалар жүлделі орындарға ие болды: ерлер арасында: ерлер арасында 3-орынға Қазақ спорт және туризм академиясының құрамасы, 2-орынға IMS командасы және 1-орынға Абай атындағы ҚазҰПУ командасы жайғасты. Сондай-ақ, қыздар арасында 3-орынды Қазақ спорт және туризм академиясы командасы,  2-орынды YUVA командасы, ал үздіктерден суырылып шығып, 1-орынды Squirrels KazNU командасы иеленді. Барлық жеңімпаздар 20 желтоқсан күні кубоктармен, арнайы медальдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталатын болады. 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Екібастұзда бүгін таңертең жарылған жылу құбыры толық жөнделді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қылмыстық топтардың 114 мүшесі тұтқындалды – Марат Ахметжанов Тоқаевқа есеп берді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.