Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Бірнеше өңірде жолдар ашылды

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы ауа райының реттелуіне байланысты бірнеше өңірде жол ашылғанын мәлім етті.

«Жезқазған-Петропавл» тасжолының Ұлытау облысының шекарасынан Арқалық қаласына дейінгі аралығында қозғалысқа енгізілген шектеу алынды.

Павлодар және Қостанай облыстарында да республикалық маңыздағы барлық күре жолдар ашық.

Қарағанды облысының республикалық маңызы бар жолдары барлық бағытта ашық. Қозғалыс штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр.

Жолшылар күре жолдарды қардан тазартып, көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеуді жалғастыруда.

Ұқсас жаңалықтар

«Отбасым – мақтанышым» акциясына 1 миллионнан астам ата-ана қатысады

admin_altyalash

Ұлытау облысында өрт кезінде балаларды құтқарған полиция қызметкерлері марапатталды

admin_altyalash

Диплом – жалған

admin_altyalash