Талдықорғанда 32 жастағы күдікті ақбөкен мүйізін сатып жатқанда ұсталды.
Күдіктіні ұстау 8 қаңтарда полицейлер мен ҰҚК Шекара қызметінің және Ұлттық ұлан арнайы күштері қызметкерлерінің бірлесуімен жүргізілді. Ақсу ауданының 32-жастағы тұрғыны ақбөкен мүйізін заңсыз сатуға тырысты. Тінту кезінде ұсталған адамнан 222 дана жануарлардың дериваттары бар екі жол сөмкесі тәркіленді.
«Қажетті сараптамаларды тағайындаумен бірге осы факті бойынша тергеу ҚР ҚК 339-бабына сәйкес жүргізіледі (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу). Ұсталған ауыл тұрғыны қамауға алынды», – делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.