Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Шетелдік нөмірлі көлікті заңдастыру үшін қанша теңге қажет?

Шетелден әкелінген автокөлікті заңдастыру үшін ХҚКО-да 214 мың теңгеге жуық қаржы төлейді. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, шетелдік нөмірі бар көлікті біздің елде бір рет заңдастыру жеткілікті.

Шетелдік нөмірлі көлікті заңдастыру үшін қанша теңге қажет?

Сонымен, ХҚКО арқылы 200 мың теңге көлемінде бірреттік төлем, техпаспорт үшін 4 313 теңге мемлекеттік баж, көлік иесі мемлекеттік нөмір алу үшін 9 660 теңге төлейді.

Барлық құжат тексеріліп, төлем жасалғаннан кейін көлік иесіне Қазақстанның тіркеу құжаты мен мемлекеттік нөмір беріледі.

Көлігін заңдастырған азаматтар утилизациялық алым төлеуден босатылады.

Бұған дейін көлікті заңдастыру үшін қажет құжаттар тізімін жазған болатынбыз.

Ұқсас жаңалықтар

Академик Төрегелді Шарманов дүниеден өтті

admin_altyalash

Алматыда Мұстафа Кемал Ататүрікке ескерткіш қойылды

admin_altyalash

Ақшаны ұрлап әкеткен бухгалтер 1,5 жылдан кейін ұсталды

admin_altyalash