«Атамекен» палатасы Тоқаевқа кәсіпкерлік туралы Ұлттық баяндама ұсынды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Мамыр 10, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

«Атамекен» палатасы Тоқаевқа кәсіпкерлік туралы Ұлттық баяндама ұсынды

25.01.2023
0
«Атамекен» палатасы Тоқаевқа кәсіпкерлік туралы Ұлттық баяндама ұсынды

 

Фото: akorda.kz

 

Президенттің қарауына Үкімет Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік белсенділіктің жай-күйі туралы Ұлттық баяндаманы енгізді.  Бұл туралы Ақорданың баспаөз қызметі хабарлады.

Құжатта кәсіпкерлікті дамытудың негізгі индикаторлары, «Атамекен» ҰКП қызметінің қорытындысы және бизнестің мәселелерін шешу жөніндегі шаралар қамтылған.

Баяндамаға сәйкес, 2021 жылдың қорытындысы бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің (ШОК) үлесі 33,5 пайызды құрады. Бұл көрсеткіштің негізгі бөлігі шағын кәсіпкерлік субъектілеріне тиесілі. Олардың ЖІӨ-дегі үлесі – 26,8 пайыз. 2015 жылдан 2020 жылға дейін елдің ЖІӨ-дегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 24,9 пайыздан 32,8 пайызға дейін артты. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру аяқталғаннан кейін ЖІӨ-дегі ШОК үлесі 2025 жылға қарай 35 пайызға дейін өсуге тиіс.

Қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1,4 миллионға (өсім 5,5%) жетті. Олар 3,5 миллион адамды жұмыспен қамтып отыр (өсім 1,1%).

2021 жылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріндегі еңбек өнімділігі 20 пайызға өсіп, бір адамға шаққанда 8 миллион теңгеге жетті.

Аймақ бойынша 2021 жылы шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы өңірлік өнімдегі ең көп үлесі Астана (ЖӨӨ-нің 59%), Алматы (47,5%) және Шымкент (40,5%) қалаларында байқалды.

Мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде, былтырғы 1 қазандағы мәлімет бойынша 5200 жаңа кәсіпорын ашылды. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 47,7 мың құжат әзірленіп, дайындалды. Құны 119,6 миллиард теңге болатын 48,5 мың жобаға қолдау көрсетілді. 16,9 мың кәсіпкердің бизнесі кеңейтілді.

Кәсіпкерлік қызмет саласына жаңа реттеуші саясатты енгізу аясында «Атамекен» палатасы мен Үкімет жаңа реттеуші саясаттың негізгі шарттарына сай келмейтін 9560  талапты анықтады.

«Басынан бастап реттеу» реформасы бизнестің жүктемесін орта есеппен 30 пайызға азайтуға және оңтайлы әрі түсінікті реттеуші орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар баяндамада кәсіпкерлік қызметтің дамуына ұсақ және шағын бизнес субъектілерін тексеруге жарияланған мораторий оң ықпал ететіні айтылған. Аталған шара осы жылдың соңына дейін ұзартылған.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес кәсіпкерлерді негізсіз тексерулерден қорғау және бизнесті қылмыстық процеске заңсыз тартуды болдырмау үшін кешенді шаралар қабылданды. Бас прокуратура 2023 жылға арналған бизнесті қорғау жөніндегі бірлескен іс-қимылдардың кешенді жоспарын бекітті.

2022 жылы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы қызметін трансформациялау ісі қолға алынды. Палата өз жұмысында ұсақ және шағын бизнесті қолдауға баса мән береді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Президент Сенаттың 13 депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қаржы пирамидасынан қалай сақтанамыз?

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.