Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров балалардың қандай жағдайда Ұлттық қордан қаражат ала алмайтынын айтты деп хабарлады turkystan.kz.
Бағдарлама 2024 жылдан бастап іске асырылады. Бала 18 жасқа толғанға дейін олардың арнайы шотына Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50%-і түсіп тұрады.
Егер бала азаматтығын ауыстырса, бұл қаражатты ала алмайды. Ақша басқа балаларға, жалпы Ұлттық қордың ішінде үлестіріледі.
«Бала шетелге кете алады, егер ол азаматтығын ауыстырмаса, онда ақшасы өзінде қалады. Егер 18 жаста әлі Қазақстан Республикасының азаматы болса, ақшаға ие бола алады», – деді Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.