Севастополь маңындағы екі қабатты тұрғын үйден өрт шығып, жеті адам қайтыс болды. Тағы 5 адам ауыр жарақат алды.
Жергілікті төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, өрт Сахарная Лоловка ауылындағы Нефтяная көшесіндегі үйден шыққан. Жалын 200 шаршы метрді шарпыған. Өрт кезінде үйде 185 адам болған. Апат салдарынан жеті адам қайтыс болып, екі адам ауруханаға жеткізілді, тағы бес адамның жағдайы әзірге белгісіз.
Қазіргі таңда өрт сөндірілді, өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.