Honda 2024 жылы жаңа сутегі көлігін шығарады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаһан жаңалықтары

Honda 2024 жылы жаңа сутегі көлігін шығарады

07.02.2023
0
Honda 2024 жылы жаңа сутегі көлігін шығарады

Ондаған ірі авто-өндірушілер электромобильдерді қолжетімді ету және олардың ауқымын кеңейту үшін көп жұмыс жасауда. Бірақ бұдан басқа да автомобиль технологиялары бар, ондай технологиялардың бірі – көліктерді қуаттандыру үшін сутегі отын элементтерін пайдалану. Сутегімен жұмыс істейтін көліктер туралы SlashGear материалына сілтеме жасап Aikyn.kz баяндайды.

Рисунок2
Honda өзінің 2024 жылғы алғашқы сутегі көлігі CR-V негізінде шығарылатынын хабарлады. Фото global.honda сайтынан алынды

Honda АҚШ-тың EV (электр көліктері) нарығында байқалмағанымен ұзақ уақыт бойы сутегі отын элементтерін қолданудың жақтаушысы болды. Бұл технология бұрын шектеулі мөлшерде болса да, 2021 жылғы Honda Clarity моделінің қозғалтқышында қолданылған.

Honda таратқан мәліметке сәйкес, компания шығындарды қысқарту және сутегі технологиясын жетілдіру мақсатында General Motors-пен бірігіп жұмыс істеуге кіріскен.

Рисунок3
Honda шығындарды қысқарту және сутегі технологиясын жетілдіру мақсатында General Motors-пен бірігіп жұмыс істеуге кіріскен. Жаңа отын элементтерінің құны 30% арзандайды және қызмет ету мерзімі 2 есеге дейін өседі. Сурет afdc.energy.gov сайтынан алынды

Honda 2024 жылға қарай жаңа сутегі көлігін шығармақ. Honda Clarity-де қолданылған сутегі элементтерімен салыстырғанда жаңа отын элементтерінің құны 30% арзандайды және қызмет ету мерзімі 2 есеге дейін өседі.

2030 жылға қарай Honda жаңа сутегі қозғалтқыштарының құнын тағы 2 есеге азайту жоспарланған. Жолаушылар көліктерінен басқа, Honda бұл технологияны ауыр жүк көліктерінен бастап ғарыш аппараттарына дейін жеткізгісі келеді.

Бір-екі жылдан кейін компания жылына 2000 бірлік сутегі отын элементтерін сатқысы келеді. 2035-2040 жылдарға дейін жылына «бірнеше жүз мың» бірлікті сатуды жоспарлап отыр. Мұның барлығы компанияның 2050 жылға қарай толық көміртекті бейтарап болу жоспарының бір бөлігі.

2022 жылдың қарашасында Honda өзінің 2024 жылғы алғашқы сутегі көлігі CR-V негізінде шығарылатынын хабарлады.

Рисунок4
Сутегі қозғалтқыштары бар автомобильдерді электромобильдердің негізгі бәсекелестері деп атайды. Tesla-ның негізін қалаушы Илон Маск сутегі қозғалтқыштарын «таңғажайып ақымақ технология» деп атады. Фото global.honda сайтынан алынды

Сутегі қозғалтқыштары бар автомобильдерді электромобильдердің негізгі бәсекелестері деп атайды. Бірақ бұл технологияның әлі де көптеген кемшіліктері бар. Tesla-ның негізін қалаушы Илон Маск сутегі қозғалтқыштарын «таңғажайып ақымақ технология» деп атады.

Оның сөзі қаншалықты шындыққа жақын? Сутегімен жұмыс істейтін алғашқы қозғалтқышты 1806 жылы француз өнертапқышы Франсуа Исаак де Риваз ойлап тапты. Ол сутекті суды электролиздеу арқылы алды. Шын мәнінде, сутегі технологиясы электромобильдерге ұқсайды. Сутегі батареясының сыйымдылығы литий-иондық аккумулятордан он есе көп. 5 кг сутегі бар цилиндр шамамен 3 минутта толтырылады, ол 500 км-ге дейін жетеді.

Ал, сутегін алудың ең зиянсыз әдісі – электролиз, яғни электр тогы арқылы судан сутегін алу. Әзірге ол өте қымбат, сондықтан тиімсіз.

Бірақ мамандар мәселені шешуге болатынын айтады. Ол үшін технологиялық тізбекті тұйықтап, жаңа сутегі өндіру үшін сутегі отын элементтерінде өндірілетін электр қуатын қайта пайдалану керек.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Әкімдіктер азық-түлік сататын делдалдарды көбейтіп отыр – Смайылов

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ерлан Қошанов: «AMANAT» партиясы қысылтаяң сәттерде әрдайым елмен бірге болды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.