Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Павлодарда жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты

Жол апатынан зардап шеккендер арасында 7 жасар қыз бар. Бұл туралы Aikyn.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

6 ақпанда  Павлодар-Қызылорда автожолының 244-шақырымында, Қарағанды облысының шекарасындағы Марғұлан ауылының маңында Mercedes көлігінің 43 жастағы жүргізушісі басып озу кезінде қарсы жолаққа шығып, Lexus көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

 

Павлодарда жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты
Фото: polisia.kz

Павлодар тұрғындары – Mercedes автокөлігінің жүргізушісі мен 75 жастағы жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Mercedes-тің өзге екі жолаушысы – 48 жастағы әйел мен оның 7 жасар қызы және Lexus-ты тізгіндеген 36 жастағы қарағандылық тұрғын түрлі жарақаттармен Екібастұз ауруханасына жеткізілді.

Аталған дерекке қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды. Автокөліктер айыппұл тұрағына қойылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қарулы Күштерде 60 мыңнан астам жауынгерлік даярлық іс-шарасы өткізілді

admin_altyalash

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Спортшыларға қандай ас мәзірі ұсынылады

admin_altyalash

Лицензиясыз қызмет жүргізгені үшін 58 мектепке айыппұл салынды

admin_altyalash