Арнайы ұшақпен Түркиядан елге оралған отандастар Президентке алғыс айтты – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Маусым 18, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Арнайы ұшақпен Түркиядан елге оралған отандастар Президентке алғыс айтты

08.02.2023
0
Арнайы ұшақпен Түркиядан елге оралған отандастар Президентке алғыс айтты

Түркиядан эвакуацияланған Қазақстан азаматтары жер сілкінісінде далада қалдырмаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне алғыс айтты.

Кеше 41 қазақстандық құтқарушы техникасын тиеп, Түркияға арнайы ұшақпен барды. Ұшақ қайтар жолда 16 отандасымызды елге алып келді. «Хабар24» арнасының дерегінше, арасында Қырғызстанның екі азаматы бар.

Олар Газиантеп қаласында болған. Арнайы борт кеше кешкісін елорда әуежайына келіп қонды. Елге қайтатын ұшақтың болатынын Қазақстан елшілігінен білген. Үйге оралғандардың барлығы дін аман. Тек бір студент аяғын қатты жарақаттап алған.

«Жер сілкінісі кезінде жоғарғы қабаттан төмен қарай қашқанда немерем аяғын жарақаттап алды. Қазір балдақпен жүр. Бастысы аман шықтық. Үлкен немерем сол Түркияда дәрігер мамандығында оқиды. Екінші немереммен қонаққа барған болатынмын. Енді біздің басшылардың арқасында өз үйімізге аман-есен жетіп отырмыз. Бәріңізге рақмет», – дейді Марина Фаргиева.

Зілзала ошағында болғандар қорқып қалған. Куәгердің айтуынша, жер екі минуттай қозғалған.

«Алдың күні түнде сағат 04.30-да жер сілкінісі басталды. Содан үйге мүлде кірген жоқпыз. Жұмысқа бардық. Жұмыста отырдық. Содан жұмыстан тікелей әуежайға келдік. Үй сілкінген кезде жүре алмай қалдық. Бір адым аттай алмай қалдық. Тынышталғанға дейін күттік. Жер 2 минуттай қозғалды. Үйдің қабырғалары жарылды. Кейбір ғимараттар құлап қалды. Сол ғимараттың астында қалып кеткен менің әріптесім бар. Сол бүгін кешке мәйітін тапты», – дейді Айбөбек Нарбекқызы.

Бұған дейін Қазақстан азаматы жер сілкінген провинцияда жоғалып кеткенін хабарлаған болатынбыз.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Палестинада жер сілкінді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жигули Дайрабаев пен Қарақат Әбден Мәжіліс сайлауына қатысады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.