Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Қазақ елі Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар береді

Мемлекет басшысы Үкіметке жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Сонымен қатар Қазақстанның өкілетті органдары түрік тарапымен бірлесіп, зілзаланың зардабын жою үшін қосымша көмек көрсету мәселесін қарастырып жатыр.

Айта кетейік, қазақстандық құтқарушылар жойқын жер сілкінісі болған жерде жедел іздестіру-құтқару жұмысына кірісті.

ТЖМ бірінші вице-министрінің айтуынша, жер сілкінісі болған орында жағдай күрделі. Әлсін-әлсін жерасты дүмпуі қайталануы да мүмкін. Қазақстан ТЖМ құтқарушылары үйінділер арасынан адамдарды жылдам іздеу үшін аянып қалмайды. Өздері алып барған құтқару құрал-жабдықтары жеткілікті.

Ұқсас жаңалықтар

Премьер-Министр «Алтын сапа» және «Парыз» лауреаттарын марапаттады

admin_altyalash

Халықты бірлікке шақыру, татулықты нығайту, жас ұрпаққа ізгі құндылықтарды сіңіру зиялы орта мен мемлекеттің ортақ мүддесі

admin_altyalash

Жошы хан туралы жазылған тұңғыш тарихи романның таныстырылымы өтеді

admin_altyalash