Мұстафа Өзтүріктің туыстары үйінді астында қалған: Түркияда қаза тапқандар саны 10 мыңға жуықтады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Маусым 17, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаһан жаңалықтары

Мұстафа Өзтүріктің туыстары үйінді астында қалған: Түркияда қаза тапқандар саны 10 мыңға жуықтады

08.02.2023
0
Мұстафа Өзтүріктің туыстары үйінді астында қалған: Түркияда қаза тапқандар саны 10 мыңға жуықтады

Өкінішке қарай, ажал құшқандар саны әлі де ұлғайып жатыр. Түркияның Қоршаған орта, урбанизация және климаттың өзгеруі министрі мәлімдеме жасап, қаза тапқандардың саны 9557 екенін айтты,  – деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.

Жарақат алғандар да 40 мыңға жуықтаған. Нақтырақ айтқанда, 38 224. Министрдің айтуынша, апат аймағы 1 мыңға жуық шақырымды қамтиды. Тап осы аймақта 13,5 миллион халық өмір сүреді. Осы уақытқа дейін 684 рет әртүрлі баллды афтершок болған. Бұл дүмпулер зақымдалған ғимараттың одан сайын күйреуіне алып келуі мүмкін. Сондықтан жергілікті әкімшілік- тұрғындарды арнайы маман барып тексергенге дейін кірмеуге де жақындамауға шақырып отыр.

Төтенше жағдайлар басқармасының мәлімдеуінше, жер сілкінісі аймағында 50 мыңнан астам палатка құрылған. Онда зілзаладан зардап шеккен тұрғындар орналастырылмақ. Бұдан бөлек, Ыстамбұл биржасының транзакциялардың уақытша тоқтатылғанын мәлімдеді.

Айта кеткен жөн, тап қазір ел президенті Режеп Тайып Ердоған, қос зілзаланың болған Қархраманмараш провинциясына жолға шықты. Мемлекет басшысы бірінші қала орталығына барып, жағдайды өз көзімен көргеннен кейін қиранды ғимараттың ең көп шоғырланған жерлерінің бірі Пазажык ауданында барады.

«55 сағатымызды аяқтадық. 7,7 баллдан кейін біз 7,6 баллдық екінші жер сілкінісін бастан өткердік. Құтқару жұмыстары айрықша қарқынды түрде жалғасуда. Измирдегі жер сілкінісінің 110-шы сағатында үйінді астынан сәбилеріміз бен балғындарымызды алып шықтық. Мұнда да іздестіру-құтқару жұмыстарын осы мотивациямен табанды түрде жүргізіп жатырмыз», – деді Қоршаған орта, урбанизация және климаттың өзгеруі министрі Мурат Курум.

Өкінішке қарай, Хатай провинциясында екі қандасымыз үйінді астында қалып қойған. Олар Мұстафа Өзтүріктің туыстары екені белгілі болды. Есімдері Нұрай және Бушра Қазақ. Тап қазір қаракөздерімізге көмектесу үшін Ыстамбұлдан бір топ еріктілер шықты. Бірер сағаттан соң олар Хатай провинциясына барып, үйінді астында қалған қандастарымызды шығаруға атсалысады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

“Әйелдердің зейнет жасы әр бала туған сайын қысқара ма?”: Премьер-министр жауап берді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Президент Сирияға гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.