Қаңтар айында үйді сату мен жалға алу құны тағы да өсті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, баға бір ай ішінде (2022 жылғы желтоқсан – 2023 жылғы қаңтар) жаңа үй – 0,7%, қолданыстағы үй құны 0,3%-ке өсті. Жалға беру құны 2,5%-ке қымбаттады.
Қаңтарда баспананың 1 шаршы метрінің орташа бағасы:
жаңа үй – 481 891 теңге;
қолданыстағы үй – 515 019 теңге;
жалға берілетін үй – 4 671 теңге.
Бір жылда пәтерді қайта сату бағаcы – 18,7%, жаңа баспананы сату 14% қымбаттады. Ал абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу құны 34,3%-ке артты.
Ал жаңа пәтерлер Ақтау – 28,2%, Ақтөбе – 25,4%, Петропавл – 20,9%-ке қымбаттады.
Қолданыстағы пәтер ең көп қымбаттаған қалалар: Семей (46,8%), Қызылорда (38,8%), Ақтөбе (37,3%), Ақтау (35,4%), Талдықорған (32,9%), Қостанай (31%).
Баспананы жалға алу құны ең көп қымбаттаған қалалар: Қостанай (55,6%), Көкшетау (55,1%), Алматы (50,7%).
Бұған дейін Үкімет басшысы делдалдардың көптігінен азық-түлік бағасы күрт қымбаттағанын айтқан еді.