Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Өскеменде оқушылар шұғыл қауіпсіз жерге көшірілді

Өскеменде бірнеше мектепте оқушылар эвакуцияланды,  – деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

10 ақпанда түсте полицияға қаладағы бірнеше мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына шұғыл жеткен қызметкерлер білім ордаларының ұжымы мен оқушыларды эвакуациялады.

Қазір әр мектептің іші тексеріліп жатыр. Халықтан сабырлылық танытып, енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарауды сұраймыз, – деп жазылған хабарламада.

Бұл осы аптада мектепке бомба қойылғаны туралы хабар түскен үшінші жағдай болып саналады.

Ұқсас жаңалықтар

“Айлығы 150 мың теңге…” Ұлы Абай Құнанбайұлының неменесі аула сыпырушы болып жұмыс істейді

admin_altyalash

Жастарға энергетикалық сусындар сатуға тыйым салынады – Мәжіліс заң қабылдады

admin_altyalash

Базарларды жаңғырту – бұл тек қана бизнес өкілдеріне жағдай жасау емес, сатып алушылар үшін қолайлы орта құру

admin_altyalash