Лондонда түнде жарық сөндіріледі – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Бейсенбі, Тамыз 21, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаһан жаңалықтары

Лондонда түнде жарық сөндіріледі

13.02.2023
0
Лондонда түнде жарық сөндіріледі

Лондонның Square Mile деп аталатын іскерлік ауданында бос кеңселердегі жарықты сөндіру ұсынылды. Ұсыныс бейнелік ластануды азайту мен энергияны үнемдеуге бағытталған дейді Financial Times басылымында жарияланған мақалада. Әлемнің іскерлік орталығындағы өзгерістердің нақты себебі туралы Aikyn.kz осы мақалаға сілтеме жасап хабарлайды.

Рисунок2
Лондон билігі бейнелік ластануды азайту және энергияны үнемдеу үшін зәулім ғимараттарда түнде жарықты сөндіруді сұрайды. Түннің белгілі бір сағаттарынан кейін қызметкерлері аз немесе мүлдем жұмыс істейтін кеңсе ғимараттарында жарық сөндіріледі. Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: In Pictures Ltd

Лондон билігі бейнелік ластануды азайту және энергияны үнемдеу бойынша жаңа стратегияның бір бөлігі ретінде зәулім ғимараттарда түнде жарықты сөндіруді сұрайды.

Әдетте бейнелік ластану (видео ластану) деп табиғи ландшафтардың жасанды құрылғылармен бұзылуын айтады. Бейнелік ластанудың ең көп тараған түрі – тым айқын түсті сыртқы жарнаманың шамадан тыс көп болуы, бұл жасанды көрнекі ақпараттың көптігін тудырады.

Сондықтан қала билігі түннің белгілі бір сағаттарынан кейін қызметкерлері аз немесе мүлдем жұмыс істемейтін кеңсе ғимараттарында жарықты қажетсіз пайдалануды шектегісі келеді.

Square Mile ауданындағы жылжымайтын мүлік иелерінен Лондон Сити корпорациясы «жарық аймақтарды» құру туралы ұсынысы бойынша ғимараттардағы қажетсіз шамдарды сөндіруді талап етпекші.

«Уақыт өте келе, жаңа зерттеулер пайда болған сайын, біз қаладағы жарықтандыруға деген көзқарасымызды өзгертеміз», – делінген корпорацияның стратегиялық жоспарлау құжатында.

Рисунок3
Коменданттық сағат кезінде қауіпсіздік немесе қылмыстың алдын алу үшін қажетті сыртқы жарықтардан басқасын ғимараттарда сөндіру немесе азайту көзделген. Ішкі жарықтандыру да қызметкерлерге қажетті деңгейге дейін азайтылатын болады. Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Richard Baker

Корпорация бекітетін коменданттық сағат кезінде қауіпсіздік немесе қылмыстың алдын алу үшін қажетті сыртқы жарықтардан басқасын ғимараттарда сөндіру немесе азайту көзделген.

Ішкі жарықтандыру да қызметкерлерге қажетті деңгейге дейін азайтылатын болады. Ерекше мәртебесі бар және тұрғын аудандарда коменданттық сағат орталық іскерлік аудандарға қарағанда ертерек енгізіледі.

Қала билігінің айтуынша, жарықтық ластануымен күрес кейбір адамдардың түні бойы, әсіресе, іскерлік уақытта жұмыс істейтіндігі мен көптеген жергілікті мейрамханалар кеш жабылатыны ескеріліп жүргізіледі.

Лондон Сити корпорациясының жарықтандыру стратегиясында қаланың тарихи сипаты мен тұрғындардың пікірі қорғалып, олардың қауіпсіздігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ететін байыпты және ыңғайлылық қағидалары ескерілген.

Рисунок4

Қала билігі тұрғын үйлер мен ерекше мәртебеге ие аудандар үшін сағат 22.00-де, мәдени және туристік аймақтар үшін сағат 23.00-де, сауда және көлік тораптары үшін түн ортасында коменданттық сағатпен белгіленген «жарық аймақтардың» үш түрін ұсынады. Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Yui Mok

Лондон қаласының құрылыс салушылары жаңа ғимараттар салу процесінде Ситидің жоспарларымен келісуі керек. Қолданыстағы ғимараттардың иелерін де Сити ережелерді сақтауды сұрайды. Бірақ жергілікті биліктің оларды орындатуға заңды құқығы жоқ. Сондықтан олардан қаладағы жарықтандыруды жақсарту үшін ерікті хартияға қол қою ұсынылады.

Жергілікті билік стратегиялық құжат бойынша кеңестер өткізеді. Қала билігі тұрғын үйлер мен ерекше мәртебеге ие аудандар үшін сағат 22.00-де, мәдени және туристік аймақтар үшін сағат 23.00-де, сауда және көлік тораптары үшін түн ортасында коменданттық сағатпен белгіленген «жарық аймақтардың» үш түрін ұсынады.

Корпорация бұл ұсыныстар 2040 жылға қарай көмірқышқыл газының нөлдік шығарындысына қол жеткізуге көмектесетінін айтады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Мұнай-газ кен орындарын ашқан ғалым Орал Ақшолақов өмірден өтті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Google сіз армандаған функцияны іске қосты

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.