Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды

Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы да 2 айға ұзартылды. Бұл туралы Астана мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының баспасөз қызметі хабарлады.

«13 ақпанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті А.Мұхамедиұлының қамауда болу мерзімін 2 айға ұзартты», – деп жазылған соттың ресми хабарламасында.

Айта кетейік, Арыстанбек Мұхамедиұлы биыл 29 мамырда бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталған еді.

Антикордың дерегінше, «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу үшін 146 миллион теңге қазына қаржысын жымқырды деген күдікке ілініп отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Спортты дамыту дирекциясының басшысы бюджет қаражатын жымқырған

admin_altyalash

Біз спортшыларымызбен мақтанамыз

admin_altyalash

Қазақстан Париж Олимпиадасындағы алғашқы жүлдесін жеңіп алды

admin_altyalash