Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды

Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы да 2 айға ұзартылды. Бұл туралы Астана мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының баспасөз қызметі хабарлады.

«13 ақпанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті А.Мұхамедиұлының қамауда болу мерзімін 2 айға ұзартты», – деп жазылған соттың ресми хабарламасында.

Айта кетейік, Арыстанбек Мұхамедиұлы биыл 29 мамырда бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталған еді.

Антикордың дерегінше, «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу үшін 146 миллион теңге қазына қаржысын жымқырды деген күдікке ілініп отыр.

Ұқсас жаңалықтар

«Тірідей тозаққа түстім»: шетелдік ерлі-зайыпты асырап алған қазақ қызы өз ата-анасын іздейді

admin_altyalash

Асқар Мамин тәуелсіздік жылдарындағы айшықты оқиғаларды атады

admin_altyalash

Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында білім беру саласының негізгі басымдықтары талқыланды

admin_altyalash