АЗАТТЫҚТЫҢ ӘР КҮНІ ҚЫМБАТ – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Шілде 5, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

АЗАТТЫҚТЫҢ ӘР КҮНІ ҚЫМБАТ

14.02.2023
0
АЗАТТЫҚТЫҢ ӘР КҮНІ ҚЫМБАТ

Қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік жолында еліміз аз қиыншылық көрген жоқ. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының  арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны рас.

Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға хан-сұлтандар, батырлар, қарапайым халықтың өзі де жандарын пида еткен. Тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі Желтоқсанның да септігі аз болған жоқ. Студент жастардың көшеге шығып үндеу жасауы және егемендік үшін зардап шегуге дайын екендігін көрсете білуі барша халыққа сенім мен жігер берген болатын.

Егемендікті алған 90-жылдары еліміз үшін оңай болмады. Жер-жерлерде азық-түлік, киім-кешек тапшылығы жиі кездесіп әлеуметтік жағдайымыздың әлсіз тұстары бар едi. Тіпті, біздің жетіліп азаттығымызды сақтап қалуымызға шекесінен қарап, сенімсіздік танытқандар да болды. Сол кездегі қиыншылық атаулының баршасын артқа тастап, бүгінде әлеуметтік жағдайымыз әлдеқайда жақсарды дей аламыз. Қазір шалғай жатқан ауылдарымыздың өзінде соңғы үлгідегі мектеп, балабақша, ауруханалар өз жұмыстарын жасап, келешек ұрпақтың білімді, дені сау болып жетілуіне баса назар аударылып, тәрбиелеп келеді. Қазақ елінің егемендігін мәңгілік ету үшін болашақ ұрпақ жан-жақты болуы керек. Ол – бүгінгі күннің талабы. Өйткені, қазір найза ұстап жауға көзсіз ұмтылудың емес, білім мен саяси сауаттылықтың заманы. Бабалардан аманат болып қалған осынау ұлан-ғайыр жерді тек, білімді, ұлтын сүйгіш азаматтарды тәрбиелеу арқылы аман алып қаларымыз анық.

Қазақстан тәуелсіздік жылдар ішінде еліміз өзін әлемге жақсы қырынан таныта білді. Сындарлы саясаттың арқасында Қазақстан әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттерімен санасатындай жағдайға жетті. Әрине, 32 жыл дегеніңіз тарихқа салғанда анау айтқандай уақыт мөлшері емес. Бірақ, бізден әлдеқашан егемендіктің таңы ерте атқан елдермен иық тіресе алатынымызды көрсетіп келеміз. Қай салада болсын ел мүддесіне келгенде тектіліктің үлгісін сақтаған халқымыз, өздерін алдыңғы қатардан көрсетіп келеді. Спорт, мәдениет, ғылым, экономика және әлеуметтік жағдайларымызбен өзге мемлекеттер еріксіз санасатын жағдайға жеттік. Шетелдердегі күрделі мәселе болып тұрған шекара дауын осы уақыт ішінде шешіп, өз шекарамызды белгілеп алдық. Бұл да болса, елдігіміздің көрсеткіші екені сөзсіз. Өйткені, елдікті сақтау жерімізге ие болудан басталады. Сонымен қатар, кез келген сыртқы жауға қарсы тұратын, Қазақстан әскерін қалыптастырдық. Бұның бәрі айтқанға оңай болғанымен іс жүзінде кәдімгі өжеттілік пен ыждағаттылықты талап ететін, азаматтарымыздың Отан алдындағы борыштарын адал атқарғандықтарының белгісі. Тәуелсіздіктің мәңгі болуы мақсатында елімізде түрлі шаралар мен ұлттық рухты көтеріп, келешек жас­тарды патриоттыққа тәрбиелейтін ән, жыр-шумақтары жазылып, батырларымызға арнап монументтер қойылып келеді. Соның бір айғағы ретінде еліміз бойынша аталып өткен «Қазақ хандығының – 550 жылдығы» мерейтойын айтсақ болады. Бұл ісімізбен өзгелерге, Қазақ елінің өз тарихы бар екенін, тәуелсіздігімізге кеш қолымыз жеткенімен оның алдында да мемлекет болғанымызды көрсеттік.

Осы жерде басшысына бағынып, елдегі ынтымақтың ұйытқысы болып отырған отандастарымызға алғыс айтуымыз керек секілді. Қазір әлемнің қай бұрышында болсын бүлікшілер белең алып, тыныш елдің құтын қашырып жатқандар жетерлік. Сол қырғын-соғыс пен бейбіт елдің берекесін кетіргендерден сабақ алып отырған халқымыз елдегі тыныштық пен тұрақтылықты сақтауы еліміздің әрі қарай дамуына бірден-бір себеп болып отыр. Жаратқан ел еңсесін тік етіп, Отан тыныштығын ойран қылушылардан сақтасын.

 

Сұлушаш МАДИЯРОВА

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Ажырасу саны алаңдатып тұр

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ақмола өңіріндегі ауқымды істер

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.