Қоныс аударушыларға қолдау көп – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Тамыз 20, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Қоныс аударушыларға қолдау көп

14.02.2023
0
Қоныс аударушыларға қолдау көп

Былтыр «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын іске асыру шең­берінде Қазақстанның еңбек тапшылығы бар өңірлерінен 7 923 адам өз еркімен қоныс аударса, оның ішінде 1 320 қандас және 6 603 қоныс аударушы бар. Осы ел ішінде қоныс аударушыларға мемлекет тарапынан қолдау шаралары толығымен көрсетілді.

Ұлттық жоба шеңберінде қоныс аударушыларға мемлекеттік қолдаудың бірқатар шаралары ұсынылады. Айталық, бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК мөлшерінде көшуге арналған субсидия беріледі. Одан бөлек, отбасы мүшелерінің санына және елді мекенге байланысты 12 ай ішінде 15-тен 30 АЕК-ке дейінгі мөлшерде тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ай сайынғы субсидиялау бар. Сондай қысқамерзімді кәсіптік оқытуға жіберу және жұмысқа орналасуға немесе кәсіпкерлік бастаманы дамытуға жәрдемдесу де көзделеді.

Былтыр қоныс аударғандардың ішінде 3 652 адам еңбекке жарамды болған. Олардың 2 811-і тұрақты жұмысқа орналастырылса, біржолғы субсидиялар 7 622 қатысушыға төленген. Ал 5633 азаматқа тұрғын үй шығыстары субсидияланады. Бұдан басқа, өңіраралық қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілерге тұрғын үймен қамтамасыз етілген және кемінде 2 жыл мерзімге тұрақты жұ­мысқа қабылданған әрбір жұмыскер үшін 400 АЕК мөл­шерінде жұмысқа орналасуға біржолғы субсидия беріледі екен.

Еңбек тапшылығы бар өңірлерге қоныс аудару мүмкіндігін пайдаланғандардың бірі – Нұрболат Мәдиев. Қызылордан Қостанай облысына көшкен ол өзінің осы шешіміне еш өкінген емес. «2019 жылы мен болашақ әйеліммен бірге Әулиекөл ауданына көшіп келдім. Қазір аудандық ауруханада массажист болып жұмыс істеймін. Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастым. Мен барлық қолдау шараларын алдым, барлығына ризамын. Мұндай бағдарламалар көп болса жақсы болар еді», – дейді қоныс аударушы Нұрболат Мәдиев. Айтуынша, жұбайымен осында көшіп келгеннен кейін шаңырақ көтереді. Қазір жұбайы аудандық ауруханаға гинеколог болып жұмысқа орналасыпты. Жас от­басы бүгінде екінші сәбиді күтіп жүр.

ЕХӘҚМ Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испановтың айтуынша, қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2023 жылға арналған өңірлік квотасы 8 652 адамды құрайды. Оның 1,9 мыңы қандастар үшін, ал 6,7 мыңы – қоныс аударушылар үшін көзделген екен. Қазір министрлік 2023-2027 жылдарға арналған Көші-қон саясатының тұжырымдамасын қабыл­даған. Құжат іске асыру үшін жұмыс орындары құрылатын және қолданыстағы бизнес-жобалар кеңейтілетін солтүстік және орталық өңірлерге ішкі қоныс аудару тетігін қайта қарауға мүмкіндік береді.

«Бұдан бөлек, тұрақты жұмысқа орналасқан азаматтарға жаңа тұрғылықты жері бойынша 4 млн теңгеге дейінгі мөлшерде тұрғын үй сатып алуға қаржылай көмек алуға мүмкіндік беретін ұтқырлық сертификаттарын енгізу мүмкіндігі қарастырылуда», – деп атап өткен ведомство өкілі іске асырылып жатқан шаралар халықты қоныстандырудың өңірішілік диспропорциясы проблемаларын ше­шудің маңызды жолы екенін айтады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Кино арқылы қоғам жайын қозғаймыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Шикізат өңдеудегі шикілік

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.