Түркияның Кахраманмараш қаласында жер сілкінісінен 205 сағат өткен соң, үйінді астынан әйел адам шығарылды.
Түркияның Анадолы агенттігінің мәліметінше, 35 жастағы Айшегүл Байыр Оникшұбат ауданындағы қиранды астынан табылған. Құтқарушылар оны шығару үшін 5 метрлік туннель қазған.
Зардап шеккен әйелге сол жерде шұғыл түрде медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілген.
Түркия үкіметінің Төтенше жағдайларды басқару агенттігінің хабарлауынша, жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 31 мыңнан асты.