ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров Мәжіліс сайлауына түскен үміткерлердің арасында егде жастағылар да, жастар да бар екенін атап өтті. Ең жас үміткердің жасы – 20-да.
Нұрлан Әбдіровтың айтуынша, барлығы заң талаптарына сәйкес.
Мәжіліске 7 саяси партияның партиялық тізімдері бойынша 281 кандидат, бір мандатты округтер бойынша мәжіліске 435 кандидат тіркелді. Бұл – орташа есеппен 15 адамнан тұратын бір мандаттық бәсекелестік.
Мәслихаттарға 118 партиялық тізім бойынша 1447 кандидат, бір мандатты аумақтық округтер бойынша – 10 288 кандидат тіркелді. Олар 3081 мандат үшін күреседі, орташа бәсекелестік – бір мандатқа 3-тен астам үміткер. ОСК және аумақтық сайлау комиссияларында барлығы 12 451 кандидат тіркелген.
Мәжіліс 98 депутаттан тұрады, оның 29-ы бір мандатты аумақтық округтер бойынша сайланады.