Дұрыс тамақтану да – әлеуметтік жауапкершілік – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Шілде 2, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Дұрыс тамақтану да – әлеуметтік жауапкершілік

21.02.2023
0
Дұрыс тамақтану да – әлеуметтік жауапкершілік

Кішкентай кезінде дұрыс тамақтанған балалардың психикалық денсаулығы сегіз жасқа қарай өзге құрдастарына қарағанда жақсырақ болады. Жуырда Норвегиядағы Агдер университетінің ғалымдары осындай қорытындыға келді.

«Диета біздің физикалық ден­сау­лығымызға қалай әсер ететінін бәріміз білеміз. Алайда диета мен психикалық денсаулық арасындағы байланыс жа­йында көп айтыла бермейді», – дейді балалар психиатры Кристин Хелле.

Аталмыш зерттеу – денсаулық сала­сында жүргізілген ең ірі ғылыми жұ­мыстардың бірі. Оның аясында Агдер университетінің ғалымдары бірнеше жыл бойы бақылауда болған 40 мың баланың деректерін пайдаланған.

«Бұл зерттеуде біз балалардың ерте жаста не жегені мен сегіз жасқа толғанда бойында қандай тұлғалық ерекшеліктері қалыптасқаны арасында айқын байла­нысты көрдік», – дейді зерттеу автор­ларының бірі Нина Сесилия Оверби.

Жүргізілген зерттеудің алғашқы ке­зеңі аясында балалардың аналары жүкті кезінде өздері қалай тамақ­тан­ғаны және 6-18 айлық кезінде баласы қалай тамақ­танғаны туралы сұрақтар­ға жауап берген. Зерттеудің келесі кезеңі әлгі балалар 3-7 жасқа толғанда жүргізілген.

Зерттеуге қатысқан, кішкентайынан дұрыс тамақтанған балалар сегіз жасқа толғанда адалдық, ашықтық, экстра­вер­сия және ақкөңілділік сияқты тұлғалық ерекшеліктер бойынша жоғары ұпай жинаған. Оларға қарағанда онша дұрыс та­мақтанбаған балалардың эмоциялық тұрақсыздық бойынша жиған ұпайы көбірек болған. Психологтардың пікі­рінше, эмоциялық тұрақсыздық көбіне үрей мен депрессияға бейімділікпен байланысты.

Ғалымдар «дұрыс тамақтану» деп жеміс-жидек, көкөніс, тұтас дәнді азық-түлік, балық және үй тағамдарынан тұ­ратын диетаны айтады.

«Өміріміздің басында жүйке жүйе­міздің, ішкі органдарымыздың және миымыздың дамуына тәніміз әсер етеді. Ол үшін ағзаға қуат керек. Сондай-ақ біз жейтін ас-ауқат геніміздің қалай жұмыс істейтініне де ықпал етуі ықтимал», – дейді Оверби.

Зерттеушілер дұрыс тамақтануға тырысу әлеуметтік жауапкершілік екенін атап өтеді.

«Сондықтан балабақшалар мен мектептерде балаларға дұрыс тамақ ұсы­нудың маңызы зор. Бұл жерде әңгіме денсаулық мәселесінде әлеуметтік әді­летті қамтамасыз етуде болып отыр», – дейді Хелле.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Түркияға аттанған қазақстандық құтқарушылардың екінші тобы елге оралды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Садыр Жапаров Қырғызстанда бұрынғы президенттерінің бәрінің басын қосты

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.