Садыр Жапаров Қырғызстанда бұрынғы президенттерінің бәрінің басын қосты – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Тамыз 25, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаһан жаңалықтары

Садыр Жапаров Қырғызстанда бұрынғы президенттерінің бәрінің басын қосты

21.02.2023
0
Садыр Жапаров Қырғызстанда бұрынғы президенттерінің бәрінің басын қосты

Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров кеңес ұйымдастырып, оған бұрынғы мемлекет басшылары – Асқар Ақаев, Құрманбек Бакиев, Роза Отунбаева, Алмазбек Атамбаев, Сооронбай Жээнбеков қатысты.

«Кездесу орны белгілі себептермен бейтарап аумақ болып белгіленді» деген ақпаратты АКИpress агенттігіне ел президентінің баспасөз хатшысы Ербол Сұлтанбаев растаған.

«Еуразия аумағында ұлы державалар құрған ежелгі қырғыздардың бүгінгі халі қандай? Бірліктің жоқтығынан, билік үшін күрестің кесірінен біз ежелгі империямыздан айрылып, Орталық Азияның бір бұрышында қалып бара жатқан сияқтымыз. Тәуелсiздiгiмiздi жарияласақ та, дамуымыз неге бәсеңдеп барады?

Осындай сұрақтар бірінен соң бірі туындайды. Бізде қазір солтүстік-оңтүстік, 7 облыс болып бөлініп, әрқайсысы тек өз қамын жеп отырғанымен қоймай, өкінішке қарай, қазір қырғыз халқы әр президентті жақтап, сол арқылы тағы 7-ге бөлініп жатыр.

Бірақ Қырғызстанның болашағы біз үшін маңызды болса, Ақаев, Бакиев, Атамбаев, Отунбаева, Жээнбеков және т.б. ұғымдарды жоюымыз керек. Баршаның басын біріктіре отырып, халықтың болашағын ойлауымыз қажет. Басшылар бірлігі болмаса, қолдаушылар біріге алмайды. Бастапқыда халық сайлап, соңы қайғылы аяқталған барлық президентті жинасақ, бәлкім, бір жұдырықтай жұмылған біртұтас ел болармыз деген ой мені көптен бері қинап жүрді», – деп жазды Садыр Жапаров өзінің Facebook-тегі парақшасына.

Оның айтуынша, бұрынғы президенттер реніштерін айтып, кемшіліктерін де мойындаған. Ең бастысы, олар қазір бір-бірін кешіріп отыр.

Иә, халқымыздың көзқарасы бойынша қарасаңыз, әркімнің қателігі болды: қайғылы оқиғалар, тіпті қантөгіс. Ақаевтың кезінде – Ақсый оқиғасы, Бакиевтің кезінде – сәуір оқиғасы, Уақытша үкімет кезінде – маусым трагедиясы, Жээнбековтің кезінде – қазан оқиғасы. Өкінішке қарай, Қырғызстан тарихында бұл оқиғалардың бәрі қара әріппен жазылған. Осылайша, қырғыз жастарынан – ұлдарымыздан айырылдық. Қаза тапқандардың туыстары мен жақындарының наразылығын түсінемін, – деді қазіргі президент.

Осы орайда ол барша жұртты 5-10 жылдық мүддені емес, мемлекеттің мүддесін ойлауға шақырды.

«Маған дейін келген мемлекет басшыларының әрқайсысына жеке мүддем де, жеке қызғаныш та жоқ. Осыны баса айтуым керек!» – деп түйіндеді сөзін Садыр Жапаров.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Дұрыс тамақтану да – әлеуметтік жауапкершілік

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қылмысқа – қылбұрау

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.