Әкім қонған ақбоз үй енді балаларды оңалту орталығына айналады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Тамыз 25, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Әкім қонған ақбоз үй енді балаларды оңалту орталығына айналады

22.02.2023
0
Әкім қонған ақбоз үй енді балаларды оңалту орталығына айналады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлердегі Президент резиденцияларын балалардың қажеттілігіне беруді тапсырғаны белгілі. Осыған орай облыс әкімдігі Алакөл аудандық әкімдігінің Ақши ауылындағы резиденциясы балаларды оңалту орталығының балансына берілетінін жеткізді.

Алакөлдегі резиденция бұған дейін облыс әкімі мен түрлі қонақтарды қа­былдайтын қонақүй болса, енді ба­ла­­лардың демалыс немесе сауық­ты­ру ор­та­лығына айналады. Жалпы, атал­­ған нысан Ақши ауылында орна­лас­­қан. Ал балалар орталығы былтыр Үшарал қаласында ашылған еді. Қуа­ныш­ты жаңа­­­лықты өңір басшысы ала­көл­дік­тер­мен кездескенде айтты.

«Бүгін «Жансая» балаларды оңалту орталығының жұмысымен таныстық. Ашылғанына 6 ай болған, қазір оған 20-дан астам бала барып жүр. Мұнда балаларға медициналық көмек тегін көрсетіледі, түрлі коррекциялық-оңалту сабақтары өткізіледі, ба­лалар сурет салады, демалады, емдік дене­шы­нықтырумен айналысады. Ата-ана­лар балаларын еш алаңсыз күні бойы қалдырып, жұмыстарына бара бере алады. Егер балалар шалғай ауылдардан келсе, онда жатын орынмен де қамтылады. Та­мағы да, басқа да қажеттіліктері ұйым­­дастырылған. Бұдан әрі де тигізер пай­­­дасы еселене түссін деген мақсатта «Жан­сая» орталығына аудан әкімдігінің резиденциясын беруді ұсынып отырмын. Ақши ауылындағы шағын коттедж үйде жазғы уақытта балалар Алакөл суына шомылып, денсаулықтарын түзей алады», деді Б.Исабаев.

Одан кейін аудан әкімдігіне жаңа демалыс маусымы басталғанға дейін ғимаратты жөндеу, оңалту орталығының балансына өткізіп беру жұмыстарына қатысты тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, әлеуметтік маңызы бар нысанды ашуға жергілікті бюджеттен 230 млн теңге бөлінген. Бұл қаражатқа қараусыз қалған ғимаратты ретке келтіріп, қажетті жабдықтар мен жи­һаздар сатып алынды, іргелес аума­ғы абаттандырылды, балалар ойын ала­ңы салынды. Соның нәтижесінде былтыр «Жансая» балаларды оңалту орталығы ашылды. Орталық 50 орынға лайық­талған, әзірге онда Алакөл ауда­нының әр түкпірінен 21 бала барып жүр. «Инватакси» қызметтері де ұсынылады.

Ғажабы сол, мұнда ерекше қажет­ті­ліктері бар балалар облыстан тыс жерлерге шықпай-ақ ақысыз, тегін толық емдеу курсынан өтеді. Орталықта тірек-қимыл аппараты бұзылған, аутизм, Даун синдромы, церебралды сал ауруы диагнозы бар балаларды оңалту шаралары жүргізіледі. Оңалтуға бару үшін ВТЭК-тен тиісті жолдама мен жеке оңалту бағдарламасын алу қажет. Орталықта Монтессори кабинеті, физиотерапия, емдік денешынықтыру кабинеттері, массаж және сенсорлық бөлмелер жұмыс істейді, тұз шахтасы бар, психолог, логопед, дефектолог мамандар тиісті медициналық қызмет көрсетеді.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлес­тіру және әлеуметтік бағдарламалар бас­қармасының хабарлауынша, мұндай ор­талықтар Сарқан, Панфилов және Қаратал аудандарында жұмыс істейді. Кербұлақ ауданында да Балаларды оңал­ту орталығын ашу жоспарланған.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Назарда – әлеуметтік мәселелер

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.