Сараланған салықтың тиімділігі – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Мамыр 14, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Сараланған салықтың тиімділігі

22.02.2023
0
Сараланған салықтың тиімділігі

«Ақ жол» партиясы республикалық штабының мүшелері Алматы қаласының еңбек ұжымдарымен кездесті. Партия төрағасы Азат Перуашев, партия төрағасының орынбасары Қазыбек Иса және Мәжіліс пен жергілікті мәслихатқа үміткерлер тұрғындарды алаңдатқан мәселе жайлы әңгіме өрбітті.

Тамақтану саласындағы ірі бірлестік болып табылатын «Евразиян фудс» өндірістік холдингінде үш зауыт пен мыңдаған қызметкер жұмыс істейді. Ком­пания бюджет салығына төлемдерді әрдайым ұлғай­тып келеді. Бес жыл бұрын 10 млрд теңге төлесе, былтыр салық төлемі 20 млрд теңгеге ұлғайған.

– Біздің мақсатымыз – нарықтық ұстанымдар­ды, әділ бәсекелестік пен отандық өндіруші­лер­ді қолдайтын «Ақ жол» партиясының парламент­тегі жұмысы туралы айту. Бір жағынан еңбек ұжымдарының ескертпелері мен өтініштерін тыңдаудамыз, экономикалық мәселелерден бөлек, әлеуметтік әділеттілік, жемқорлыққа қарсы күрес, саяси реформалар жөнінде сұрақтар түсіп жатыр. Бұл біз үшін өте маңызды, себебі, «Ақ жол» партиясына сенім артатын жандармен ұдайы байланыста болуымыз керек, – деді Азат Перуашев.

Партия лидері саяси бағдарламаның басым бағыттарын атап, жиналған қауымның сауалдарына жауап берді. Әсіресе, «Ақ жол» партиясының еркін экономикаға көшу туралы ұсыныстарына ерекше тоқталды.

– Елімізде тек 5 банктің өзі ғана барлық банк секторының 65% бақылауында ұстап отыр. Соны­мен қоса, өздеріне бүкіл бизнес пен барлық азамат төлем жасаса да, банктер ҚҚС-тан босатылған. Біз сара­ланған салық мөлшерлемесін енгізуді ұсын­ған кезде бізге бұның әділ бәсекелестік ұстаным­дарын бұзу екендігін айтып жауап беретін. Кіммен кімді бәсекелестірмек? Бұл – бәсекелестік емес, тонаушылық. Біз 30-дан астам депутаттық сауал жолдап, сонша рет Салық кодексіне түзету енгіз­дік. Президент Қ.Тоқаев өткен жолдауларының бірін­де ғана сараланған салық мөлшерлемелерін енгізу­ді тапсырған болатын. Біз Еуроодақтағыдай азық-түлік өндірушілері мен өзге де басым салалар салықты аз, ал банктер мен шикізат олигархтары көбірек төлеуі үшін әрі қарай да күресеміз, – деді А.Перуашев.

Бұдан бөлек, «Ақ жол» үгіт-насихат тобы Алматы электромеханикалық зауытының ұжымы­мен де кездесті.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Өткен жылы 29 қаржы пирамидасы жойылды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Титаник» апатынан аман қалған ару

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.