Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Доллар тағы көтерілді

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 2,36 теңгеге көтеріліп, 449,22 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 23 ақпандағы бір долларға арналған ресми бағамы 446,60 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 448,50 теңгеден сатып алынып, 451,62 теңгеден сатылып жатыр. Алматының айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 448,89 теңге, сату – 452,07 теңге.

Ұқсас жаңалықтар

Жанат Жахметова Энергетика вице-министрі лауазымынан босатылды

admin_altyalash

Аралды осы деңгейде ұстап тұрса, балық шаруашылығы дамиды

admin_altyalash

Алматыда Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған жыр жинақтың тұсаукесері өтті

admin_altyalash